ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ІСІ - ҚОҒАМ ИГІЛІГІ!

15:06, 14 ақпан 2020

Облыс орталығындағы жоғары техникалық колледжінің еріктілері Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметімен танысты. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еріктілермен бірлесе атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Осыған сәйкес атқарылатын ауқымды жұмыстардың жоспары бекітілген. Аймақтағы оқу ордалары мен желілік полиция бөлімдері арасында ынтымақтастық және бірлескен іс-шаралар өткізу туралы меморандумға қол қойылған. Ендігі кезекте тәртіп сақшылары қоғам қауіпсіздігін сақтауда еріктілермен де күш біріктірмек.   

ЕРБОЛ МҰХАМЕДЖАНОВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Желілік полиция бөлімінің күнделікті қызметімен танысты. Оларға арнайы құралдар мен  оқу-қару жасақтарын көрсетіп, қолдану әдістері түсіндірілді. Және еріктілермен бірлесіп жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары  талқыланды. Еріктілерге еліміздің игілік жолындағы істеріне сәттілік тілеймін.

Өңірдегі ішкі істер желілік бөлімі мен оған қарасты желілік полиция бөлімшелері әуе және темір жол аумағында қылмыстың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтауда  тәулік бойы тынымсыз еңбектенумен келеді. Желілік полиция қызметіндегілер еріктілерді алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, ішкі істер органдарына қызметке шақырды. Өз кезегінде еріктілер өздерін толғандырған сан түрлі сауалдар жолдап, оларға нақты жауап алды. 

ДИДАРА БОРАНҚҰЛ, ЕРІКТІ

Жоғарғы техникалық колледжінен келдім. Бірінші курс студентімін. Біз бүгін желілік полиция қызметінің жұмысымен таныстық. Бізге ұнап жатыр. Өзіме де ұнайды. Болашақта осындай қызметте жұмыс істеп, алға қарай өзімді дамытуға тырысамын.

Еріктілер желілік тәртіп сақшыларымен бірге қылмыстың алдын-алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, қоғам игілігіне өзіндік үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...