ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ДАМУДА

16:03, 8 қаңтар 2020

 


Елімізде 2020 еріктілер жылы болып жарияланғаны белгілі. Ел Президенті Қасым-жомарт Тоқаев бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі екендігін атап өткен. Өңірдегі еріктілер қозғалысының бірі «LIDER.KZ» ұйымы.

Бүгінгі таңда елімізде ірі қалалар мен ауылды жерлерді қоса алғанда 200-ден аса еріктілер ұйымы белсенді жұмыс істеп тұр. Еріктілердің жалпы саны шамамен 50 мыңды құрайды, олардың 150-ден асасы Ақмола облысының жастары. Өңірдегі белсенді жастар ұйымдарының бірі Щучье қаласындағы «Lider.kz» еріктілер қозғалысы.

ОЛЕСЯ БАИМОВА, «LIDER.KZ» ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

«Lider.kz» еріктілер қозғалысы 2016-шы жылдың мамыр айында құрылды. Біз жоғалған адамдарды іздеумен айналысамыз. Мәселен 20 жыл бұрын жоғалған адамды іздеген де кездер болды. Бұл қозғалысқа 52 қала кіреді. Барлығы 25 үйлестіруші бар. Жалпы Қазақстан бойынша 1500 ерікті бар. Щучье қаласында 25 адам белсенді жұмыс істеуде./

Елімізде еріктілер ұйымдары жаңа бағыттарда жұмыс істеуде. Ол төтенше жағдайлар, медицина, мәдениет, медиа және онлаин жұмыс жасайтын еріктілер ұйымдары. Олеся Баимованың бұл салада еңбек етіп жүргеніне 4 жылдың жүзі болған. Бұл ұйым негізінен жоғалған адамдарды іздеумен айналысады.

ОЛЕСЯ БАИМОВА, «LIDER.KZ» ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Щучье қаласы үлкен емес, қуаныштысы жоғалған адамдарды іздеу туралы өтініш көп түсе бермейді.  Біз алдымен іздейтін адамның суреті мен ол туралы ақпаратты тиісті орындарға орналастырамыз. Полиция қызметкерлеріне хабарласып, бар ақпараттың анық қанығына көз жеткіземіз. Басқа қаладағы еріктілерге жіберіміз, олар да тиісті орындарға желімдеп орналастырады.

Елімізде бүгінде еріктілер қозғалыстары біртіндеп дамып келеді. Оған белсенді азаматтармен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдері де араласуда. Олар балалар үйі, медициналық мекемелер мен көмекке мұқтаж жандарға көмектесуде. 

М.Айбабина, Зарина Дисюкеева, Бауыржан Смағұлов, Шоқан Таукиев, Көкше ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...