ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ

15:51, 6 ақпан 2020

Диктор кадрда: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада еріктілер мектебі жобасы шеңберінде еріктілерді іріктеу болып өтті. 3 ай көлемінде ерікті болуға ниеттілер 10 бағыт бойынша кәсіби оқудан өтпек. Талапкерлер қалай іріктелгені туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Соңғы уақытта көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге ниетті жандар саны артуда. Бұл жерде еріктілерге ептілік пен білім қажет болып жатады. Негізінен еріктілер егде жастағы немесе төсек тартып жатқан жандарға қол ұшын береді. Және төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда оқиға орнынан табылады. Ашылғалы отырған мектептің мақсаты негізгі 10 бағыт бойынша еріктілерді дайындау.  

СНХ: ГҮЛНӘЗ БӨКЕШ, ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ қаз. /2020-жыл еріктілер жылы. соған байланысты бізде еріктілер мектебі ашылғалы отыр. қазір іріктеу болып жатыр. Жалпы әлем бойынша еріктілердің 10 бағыты бар. сол бағыттар бойынша сабақ берілетін болады. Практикадан өтеді. Барлығы бірдей біле бермейді ғой мысалы мүгедек жанға қалай көмек көрсету керектігін. Алда жақсы, беделді еріктілерді дайындаймыз деген сенімдеміз. /

РКС: Іріктеу екі кезең бойынша өткізілді. Алдымен сауалнама толтырылып, кейін әңгімелесуден, яғни жастың не үшін ерікті болғысы келетіндігі сұралды. Оқу екі ауысыммен өтеді, яғни таңертен және кешке өтетін болады. Камила көпсалалы азаматтық қорғаныс жоғары колледжінің екінші курс студенті. Ол осыдан 4 жыл бұрын ерікті болған. Ол бұл курсқа біліктілігін жетілдіру үшін келгенін айтады.

СНХ: КАМИЛА СЕРІКОВА, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ /Маған ерікті болған ұнайды. Өйткені шынайы, қашанда қол ұшын созуға дайын, елгезек достарым көп болады. Еріктілер мектебінде оқып, біліктілігімді жоғарылатқым келеді. 3 ай ішінде тәжірбие жинап, қажет ақпарат көптеп аламын деп ойлаймын. /

РКС: 3 айлық курс өткен еріктілер арнайы сертификатпен марапатталмақ. Мұндай курстарды ұйымдастырудың маңыздылығы өте жоғары. Олар алғашқы медициналық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай жұмыс істеу, су тасқыны немесе өзге де төтенше жағдайда не істеу қажеттігін үйренеді,- дейді  ұйымдастырушылар.    

М.АЙБАБИНА, АНЕЛЬ БЕЙСЕНБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ           

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...