ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН А.ҚАЗЫМБЕТОВТЫ ЕСКЕ ТҮСІРУГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

17:22, 7 қараша 2019


Бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген Ахметжан Қазымбетов қазақ спортының тарихына аты алтын әріптермен жазылған азамат. Ол еркін күрестен КСРО спорт шебері, спорттың осынау түрінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Ұзақ жылдар бойы республикалық «Қайрат» ерікті спорт қоғамына жетекшілік еткен іскер жан.

Ахметжан Қазымбетовті еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің мәртебесі артып мерейі өсіп келеді. Щучинкс қаласындағы Жақсы екі базасының жалауын көтерген дәстүрлі жарысқа білекті де жүректі ұлдар мен қыздар жиналды. Оларда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Қуатбеков құттықтап, боз кілемде жеңіс тіледі. Одан соң белдесулер жалғасып кетті.

ОРАЗ ШЫРАҚБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЕРКІН КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Биылғы турнирдің географиясы кең. Көрші Өзбек, Қырғыз, Ресейдің бірнеше аймақтарынан мықты еркін күрес шеберлері келді. Жалпы балуандардың саны300-ден асады. Ахметжан Қазымбетов турнирін балуандар үлкен спортқа жетелейтін баспалдақ санайды. Жерлестеріміз Кудрин Қалкенов, Шырақпаевтар Азия әлем чемпионаттарының жеңімпаздары болды. Осы турнирден олардың да тұсауы кесілді. Жарыс бірнеше күнге созылады.

Расында да Ахметжан Қазымбетов турнирі еркін күрестің талай шеберлеріне қанат бітірді.

ҚАРЫСБЕК МАХАНБЕТОВ, ҚР  КАДЕТТЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕРКІН КҮРЕСТЕН АҒА БАПКЕРІ

Ахметжан Қазымбетов турнирі республикалық жарыстар кестесіне енгізілген. Оған қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Боз кілемге шыққан ұл-қыздардың әр белдесуін жіті қадағалаймыз. Жарыс соңында көзге түскен балуандарды ел құрамасының сапына шақырып, жауапты жарыстарға алып барамыз. Турнирдің ұйымдастырылуы өте биік деңгейде. Өзге өңірлерге үнемі үлгі етеміз. Жеңіске мықтылар  ғана жетуге тиіс.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР

Белдесулердің алғашқы күні бұлқынған балуандар алдағы белдесулерге жолдама алды.

Бірнеше күнге созылатын Ахметжан Қазымбетов турнирінде Ақмола облысының ұл-қыздары да алғашқы белдесулерін сәтті өткізді. Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» базасында балуандардың байцрақты бәсекесі жалғасуда.  

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...