ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК ҰШТАСҚАН ҚЫЗМЕТ

19:06, 18 маусым 2019

РКС:  Бұл Аллеяға аяқ бассаңыз, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтары үшін жанын шүберекке түйген полиция қызметі туралы ой толғамау мүмкін емес. Әділдік жолында ерен ерлікпен еңбек еткен сала ардагерлеріне құрмет көрсету - ортақ парызымыз. Көкшетау қаласының 195 жылдығына тарту етілген саябақ өңір полициясының мерейін үстем етіп, жас буынға үлгі болмақ.     

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ //// Полиция күні қарсаңында ішкі істер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерінің аллеясын ашқалы отырмыз.  Біздің Ақмола облысының полицейлері заман мен қоғам талаптарын зор абыроймен атқарады деп сенемін. Ал, ардагерлердің кәсіби білімі жас полицейлердің өз ісін сапалы атқаруына ықпал ететін болады. Бүгінгі Аллеямыздың ашылуы бұл еліміздің барлық полиция ардагерлері мен қызметкерлеріне деген сый құрмет.

РКС: Жасыл желекті демалыс орны - полиция ардагерлеріне құрмет белгісі. Бұл нысан жас буынды отансүйгіштікке баулуға, қоғамда тәртіп сақшыларының абыройын арттыруға  өз ықпалын тигізері сөзсіз.

СНХ: БАТАН ОРАЗБЕКОВ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /// Отыз жыл милицияда қызмет істедім. Әртүрлі қызметтер атқардым. Участковый да болдым, дежурный да болдым. Бәздің кезімізде халық қатты сыйлады. + Таза қол болуы керек, салқын ой, жалынды жүрек болуы керек. Қазіргі милиционерлерге талап та сондай.

РКС: Полиция қызметкері қашан да адал еңбек етуге міндетті. Бұл талапты мүлкісіз орындап, елдің алғысын алған азаматтың бірі – милиция полковнигі, Сенат депутаты, Қайролла Ғазизұлы Ескендіров еді. Көкшетау қаласының құрметті азаматының бейнесі бұдан былай қалалық полиция бөлімінің мамандары үшін мінсіз қызметтің жадынамасы болмақ.  

РКС: Келесі кезекте өңір басшысы Ермек Маржықпаев облыстық полиция департаменті ғимаратындағы жаңа нысандармен танысты. Полицейлер қоғам мүшелері үшін барынша ашық болуға бет бұрыпты. Азаматтардың арызын тіркеу оңтайландырылып, электронды жүйе арқылы басқарылады. Нысан бұқаралық ақпарат құралдарына да ақпаратты бүкпесіз ұсынуға әзір. Осы мақсатта баспасөз орталығы да жабдықталған. Өңірдің құқық қорғау органдарының тарихы мына жаңа мұражайда жинақталған. Мұнда тарих қойнауынан сыр шерткен көне жәдігерлер бар. Мұның барлығы жас буынды кәсібіне адал қызмет атқаруға баулудың тетігі болмақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...