ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ!

18:08, 13 тамыз 2019

ДК: 1993 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Тәжік-Ауған бөлігіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамнан асатын жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Аталмыш батальонның сарбаздарына қойылған негізгі міндет – шекара  арқылы есірткі, қару-жарақ тасымалдаған ауған содырларына тосқауыл қою. Сұрапыл майданға қатысқан ардагерлер жаттың жерінде өшпес ерлік көрсетіп, қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, Көкшетаудың орталық алаңында халықаралық автошеру ұйымдастырды.

РКС: Биыл тәжік-ауған шекарасында өшпес ерліктің үлгісін танытқан атқыштар батальонының құрылғанына 26 жыл.  Айтулы күнге арнайы  ұйымдастырылған автошеруде елдің әр өңірінен жиналған 50-ге жуық ардагер бар. Олар Қазақстаннның 10 аймағын өтіп, Тәжік-Ауған шекарасына барып табан тірейді. Өздерінің арнайы жоспарға сай іс-шаралары да бар.

СНХ: МҰРАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, "ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ҚАТЫСУШЫЛАР" РҚБ ТӨРАҒАСЫ Тұңғыш рет Тәжік даласында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен батырлардың құрметіне автошеру ұйымдастырып жатырмыз. Шараның мақсаты – өскелең өрендерге батырлардың ерлігін насихаттау. Біздің жауынгерлер ерлікпен шайқасты. Автошеруіміз Көкшетау қаласынан бастау алды. Алда Нұр-Сұлтан және одан әрі аттанамыз.

РКС: Тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында болған кескілескен ұрыс бүгінде бәрінің есінде. 1995 жылы болған қанды оқиғада 17 қазақстандық жауынгер шейіт болып, 30-дан астамы ауыр жараланған. Оқ пен оттың ортасында аман қалған жерлес батырлардың бірі - Ербол Жұрынтаев.

СНХ: ЕРБОЛ ЖҰРЫНТАЕВ, ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Қазақстаннан 10 мыңнан астам адам аттандық.  1993 жылдан бастап 2001 жылға дейін қазақ батырлары сол Тәжік-ауған шекарасында борышымызды атқардық. Жерлесіміз Ербол Бекебаев дәл менің қасымда қаза тапты. 2000 жылдары Ерболдың туған ауылы Ұрымқай еліне ескерткіш орнаттық.

РКС: Иә, қанды қақтығыста қаза тапқандардың қатарында біздің даңқты жерлесіміз Ербол Бекебаев та бар. Салтанатты шара барасында батыр ұлдың анасына арнайы құрмет көрсетілді.

СНХ: ЖАНАТ БЕКЕБАЕВА,  Е. БЕКЕБАЕВТЫҢ АНАСЫ Жалғыз менің ұлым емес, 17 бала қаза тапты ғой. Мен баламды мақтан тұтамын. Автошерумен жол жүргелі жатырсыздар. Жол болсын. Аналық ақ тілегім.

РКС: Сегіз жылға созылған қақтығысқа 8 мыңнан аса қазақстандық қатысқан.Соның 200-ден астамы Ақмола аймағында тұрады. Жүректерінде өткен күннің жарасы қалған батырлардың ерлігін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың басты парызы іспетті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...