ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19:26, 18 маусым 2019

РКС: Ақмола облысының әкімі ретінде Ермек Маржықпаевтың кандидатурасын  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ұсынған. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 6-шы шақырылымдағы кезектен тыс 34-ші сессиясында белгілі болды. Халық қалаулылары мемлекет басшысының Ермек Маржықпаевты тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

СНХ: СЕРІК АЯҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ   /// Ермек Маржықпаев аудан және Көкшетау қаласының әкімі қызметінде  өзінің аса жауапкершілігін көрсетті. Ал, соңғы 3 ай бойы облыс әкімі ретіндегі қызметі барысында өңірде әлеуметтік-экономикалық бағытта бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Мәселен, жуырда, кезектен тыс өткен Президенттік сайлауда ақмолалықтар жоғары ұйымшылдық көрсетті, дауыс бергендер де көп болды. Егіс науқаны да тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Көктемгі су тасқынын алдын-алудың нәтижесінде  өңірімізде табиғи апаттан зардап шегушілер аз болды. Ермек Боранбайұлы облыс әкімі лауазымында өзінің қызметін лайықты жалғастыра алады деп сенеміз. ///

РКС: Осылайша кезекті рет өңір тізгіні Ермек Маржықпаевқа берілді. Ол өз кезегінде Президент пен халық қалаулыларына өзіне білдірілген сенімге алғысын жеткізді және Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы мен тұрмыс сапасын жақ­сартуға бағытталған нақ­ты шараларды жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосатынын айтты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ   /// Құрметті .. депутаттар, әріптестер, ең алдымен Ел Президентіне ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, құрметті депутаттар сенімдеріңізге, және бірлескен жұмысқа рахмет. Аударма: Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылуы тиіс 10 негізгі міндетті белгілеген болатын. Оның ең бастысы, тұрғын үй мәселесін шешу. Өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 12 көпқабатты үй салынуда. Ол кезекте тұрған көпбалалы аналар мен  әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына арналған. Жалпы, өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады. ///

РКС: Сессия соңында өңір басшысы Ермек Мар­жықпаев өңір алдына қойылып отырған барлық тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ете­тініне уәде етіп, облыс активін бірлескен іске шақырды.   

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...