ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЕРНАР АЙДАР. ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!

16:04, 9 қазан 2019

Көкшетау қаласының сахнасында қазақ эстрадасының әншісі  Ернар Айдардың қайырымдылық кеші өтті. Кеш қарттар мерекесінің айлығы мен өңірдегі аз қамтылған отбасыларға арналған. Жас әншінінің әндерін  сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері әншінің өнерін тамашалауға жиналды. Толығырақ әріптесім Балауса Жақсыбайдың бейнематериалында.

Концертте қазақ эстрадасының әншісі Ернар Айдар «Ғашықпын», «Біреусің», «Жарай ма» сияқты хит әндерімен қатар жеке репертуарындағы  жаңа әндерін де шырқап, көкшетаулықтар  мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ӘНЕЛ ӘЛДІЖАППАР, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Ернар Айдардың  әндерін сүйіп тыңдаймын. Қайырымдылық концерті болатынынын естіп құрбыларыммен келдік.Көптен-көп рахмет. 

Әншінің  «Күнім сен сөнбеші» деген әні көптің көңілінен шығып бүгінде  хит әндердің біріне айналып үлгерген. Әннің сөзі де  өмірге деген құштарлықты арттыруға жол сілтейді. Әнші қайырымдылық адамгершілік пен мейірімділікте екенін әндері арқылы жеткізіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.   

АРУЖАН АҚТАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қаламызда осындай концерттер көбірек болса екен. Менің қызым Ернар айдардың әндерін жақсы көреді. Маған да әншінің өнері ұнайды. Осындай кешке шақырғандарыңызға рахмет.

Қайырымдылық игі шара. Әншінің қайырымдылық кеші  Қазақстанның барлық қалалаларында қойылуда.  Ал, көкше халқы Ернар Айдардың  өнеріне тәнті болып, әншімен қосыла ән шырқап тарқасты.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...