ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ!

15:33, 17 ақпан 2020

1989 жылдың 15 ақпаны Ауған жерінен Кеңестер Одағы әскерінің шығарылған күні.  Биыл атаулы күнге 31 жыл толып отыр.  Осыған орай, жыл сайын интернационалист жауынгерлер аллеясына гүл шоқтары қойылып,  қан майданға аттанған ержүрек жауынгерлерді үнсіздікпен еске алу салтанатты шарасы өтеді. Биыл да боздақтардың ерлігіне тағзым еткендердің қарасы қалың.

Оқ пен оттқа кеудесін тосып, көбі соғысқа табандылықпен аттанып табытпен қайтқан Ауған соғысы жауынгерлерінің еңбегі мәңгі ел есінде.    Он жылға жуық бөтен ел­дің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шек­теулі контингент әскерлерінің құра­мында Қазақстаннан 22 мың  жауын­гер интерна­цио­нал­дық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапса, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Ал, Ақмола өңірінен 1113 жауынгер қатысып, өкінішке орай 61 адам майданда ерлікпен өмірімен қоштасса, 3 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Еске алуға келіп отырған баршаларыңызға рахмет айта отыра, ардагердлерге денсаулық, елдің тыныштығын тілеймін. Енді ешқашан әлемде соғып болмасын, боздақтарды бір нинуттық үнсіздікпен еске алайық... 

Еске алу рәсіміне келген ауған соғысы ардагерлері мен оларды бағып-қағып отырған жанашыр жақындары марапатталды. Айтулы күн қарсаңында облысымыздың барлық аудандарында осы мазмұндас шарасы өтті. Сонымен қатар, мектептер мен жоғары оқу орындарының студенттері ауған ардагерлерімен кездесіп, көңілде сызы, жүректе мұзы қалған сонау жылдардың естеліктерімен бөлісті.

АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін дәстүр бойынша Ауған соғысына қатысқан акелерімізді, ағаларымызды еске алуға жиналып отырмыз. Ал,қазіргі таңда ортамызда көзі тірі жауынгерлерді ерекше құрметтеуіміз тиіс. Өткен жылы 30 жылдықты үлкен іс-шаралармен мереке түрінде өткіздік.Бұл күн ешқашан ұмыт қалмайды.

Бүгінгі күні өңірімізде соғыс алаңында болған  768 ауған ардагері бар, ал облыс орталығында  235 жауынгерден 191 адам қалған.  

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:03, 8 сәуір 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
20:01, 8 сәуір 2020
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...