ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ...

20:13, 18 қыркүйек 2020

ДК: Солтүстік өңірдің қазба байлықтарын зерттеуде орасан еңбек сіңірген геолог, Сырымбет қалайы кенішін алғаш ашушы, академик Берді Исмағамбетұлы Бекмағамбетов дүниеден озды. Ғалым саналы ғұмырын Қазақстанның кен байлығын зерделеуге арнап, 1997-2013 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан өңірлік геологиялық-барлау департаментінің жетекшісі қызметін атқарды.

РКС: Берді Исмаханұлы Бекмағамбетов 1949 жылы 16 наурызда Степняк қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтын тәмамдап, еңбек жолын кен бұрғылаушы ретінде Торғай облысында бастайды. Табиғат қойнауындағы тылсымға құмартқан қатардағы жас маман еңбек жолында 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі  «Кенші дақты» төсбелгісімен марапаталды. Академик тәуелсіз Қазақстанның қазба байлықтарын игеруге орасан үлес қосты. Алматыдан Көкшетауға ауысқан Экология және геология министрлігі мен «Севказнедроға» сіңірген еңбегі ерен еді, - дейді әріптестері.

  СНХ: АЙМАН ДҮЙСЕНОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚАРАЛЫҚ ГЕОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///1999 жылы Қостанайдан Көкшетауға ауысып келдім. Айлық кешігеді, пәтер жоқ. Сондай таршылық кезеңде Берді Исмұханұлы бәрімізге қолдау көрсетіп, жұмысты ұйымдастыра білді. Кімнің ұлы, қызы, немересі қашан дүниеге келгенін, әр қызметкерінің отбасы жағдайын білетін. Әрдайым бірінші болып құттықтайтын. Қиын жағдайда қамқорлық көрсететін. Жүрегі кең жан еді.  Маған Берді Исмаханұлы сенім білдіргенін өмір бойы мақтан тұтамын.

СНХ:  ЛЮБОВЬ АДАМЬЯН, ГЕОЛОГ-ӘДІСКЕР///аударма/// Берді Исмұханұлы Көкшетау геологиялық барлау экспидициясында бірге қызмет атқарған әріптестерін комитеттегі қызметтерге ұсынды. Біз ол кісінің сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмылдырдық. Өз әріптестерін, қызметтес жолдастарының еңбегін ұмыт қалдырмай үш томдық кітап етіп жинақтады.

РКС: Ол еңбек жолында Васильковка, Маятас алтын кеніштерінің, өзге де боксит, вольфрам, мыс, темір кен орындарының ашылуына еңбек сіңірді. Сырымбеттегі қалайы кенішін алғаш анықтаған ғалым ретінде геология тарихында есімі алтын әріптермен таңбаланды. Зейнет демалысына шықса да, Солтүстік өңір геологтарының еңбегін тізбектеп трилогия жазды. Сала мамандарына арналған оқулығы мен туған өлкесі «Еңбекшілдер ауданы» энциклопедиясы да ғалымның қарымды қаламынан шықты.

СНХ:  РАЙХАН БЕКМАҒАМБЕТОВА, ЖҰБАЙЫ///аударма/// Ол нағыз патриот болды. Не істесе де жанын салатын, шын жүрегімен кірісетін. Айналасындағы адамдарға мейірбан еді. Отбасының ұйытқысы болды. 

РКС: Академик Берді Исмұханұлы 71 жасында дүниеден озды. Артында сүйген жары, үш қызы мен немере-жиендері қалды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...