ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ!

«Есірткісіз өмір» нашақорлыққа қарсы халықаралық қозғалысы шеңберінде облыстық жастар ресурстық орталығы акция ұйымдастырды.

17:19, 20 сәуір 2017   234

 «Есірткісіз өмір» нашақорлыққа қарсы халықаралық қозғалысы шеңберінде облыстық жастар ресурстық орталығы акция ұйымдастырды. Шараға мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттері қатысты.  Нашақорлыққа қарсы акция ақ пен қара түсті киім киген бишілердің театрладандырылған қойылымынан басталды. Ақ – жақсылық пен тазалықты, саламатты өмір салтын ұстанған азаматтардың образын бейнелесе, қара – зұлымдық пен зиянды әдеттерге құмар жастардың жағымсыз келбетін суреттеді.  

Шара барысында өңірден шыққан танымал спортшылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, спорттың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін жастарға жеткізсе, облыстық ішкі істер саласының мамандары нашақорлыққа қатысты биылғы жылдың статистикалық мәліметтерін келтіріп, жаман жолға түсудің салдары қандай болатынын жастарға түсіндірді.  

Бұдан бөлек, жастарға нашақорлық пен есірткі туралы түсірілген арнайы бейнеролик көрсетіліп, үнпарақтар таратылды. Шара соңында көпшілік қауымға концерттік бағдарлама ұсынылды.  

Әйгерім Бекмағамбетова, Бауыржан Смағұлов

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75