ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

«ӘСКЕРИ БАСПАНА» – БЕРЕКЕЛІ БАҒДАРЛАМА

13:52, 13 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Әскери баспананың шарапаты. Өткен екі жылдың қорытындысы бойынша 5510 әскери бөлімінің 56 қызметкері «Әскери баспана» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтермен қамтамасыз етілген. Биыл тағы 48 әскери маман баспаналы болмақ. Әріптесім Ердігүл Дәдібасқызы бір әскери отбасының шаңырағына барып келді.

РКС: Азамат Данияров 2009 жылдан бері әскери салада қызмет етіп келеді. Батальон командирі. Қос бүлдіршіннің әкесі. «Әскери баспана» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өтінім беріп, үш бөлмелі пәтерге ие болған. Отағасы бағдарламаның тиімділігін тілге тиек етуде.

СНХ: АЗАМАТ ДАНИЯРОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ //русс// Әскери баспананың артықшылығын айтар болсақ, пайыз мөлшері төмен. Сондай-ақ, тапсыруға тиіс құжаттар тізімі де көп емес. Отбасы мүшелерінің жеке куәліктері мен жұмыстан анықтама тапсырып, бар-жоғы екі аптаның ішінде рәсімделдік.

РКС: 10 жылға жуық пәтер жалдап жүрген отбасы мұндай мүмкіндіктің  бұйырғанына ризашылықтарын білдіруде.  

СНХ: АРДАҚ ДАНИЯРОВА, ЖҰБАЙЫ //қаз// (03.30)///Біз сияқты әскери отбасыларына өте пайдалы бағдарлама болды. Үйімізді алғанда қатты қуанып қалдық. Мектеп те қызымызға жақын. Алғысымызды білдіреміз.  

РКС: Республика бойынша әскери қызметкерлерге соңғы екі жылда 6600 несие берілген болатын. Биыл банк тарапынан тағы 60 миллиард теңге бөлініп отыр. Енді 3300 әскери маман баспанаға ие болады.

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖҰМАН, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: //аударма// Біздің облысқа 48 адамға лимит берілген. Банк іріктеуді өзі жасайды. Яғни өтінім берген клиенттер ішінен кімнің банкте жинағы көп болса, соны таңдап алады. Және бағдарламаға міндетті түрде мемлекеттен арнайы төлемақы алатын әскери қызметкерлер ғана қатыса алады.

РКС: Осылайша, мемлекет әскерилерді назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігінше қолдау танытуда.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...