ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚОСУ

18:29, 18 қыркүйек 2017

Оқу-әдістемелік жиынға Ұлттық Ұланның Орталық қолбасшылығына жататын Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 9 әскери бөлімі, Астана қаласындағы әскери құрылымдар мен арнайы институт қызметкерлері келген. Шараға барлығы 60-тан астам әскери қызметкер қатысты. Олар енді үш күн бойы тәрбие жұмыстарына қатысты өзара тәжірибе алмасатын болады. 

Жиында Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығынан келген мамандар әскери қызметкерлерді тәрбиелеудің озық әдістемелерімен таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, оған әскери қызметкерлердің қосқан үлесі, рөлі мен мәртебесі сөз болды. Әскери салада, ең бастысы, сарбаздардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру аса маңызды. Себебі, олар – еліміздің тыныштығын күзететін, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауынгерлер.

Үш күнге созылатын оқу-әдістемелік жиында қоғамның рухани жаңғыруы, Қазақстанның ұлттық коды, ұлттық мәдениетін сақтау және еліміздің бүгіні мен болашағы тақырыбындағы дөңгелек үстелдер өткізіледі. Оған Ұлттық Ұланның өңірлік қолбасшылығының басшылары, ардагерлер мен әскери-патриоттық ұйымдар қатыспақ.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...