ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЭСТОНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ – АСТРАХАН АУДАНЫНДА

18:52, 8 қараша 2018

Тілші: Петровка - 1200 тұрғыны бар көпұлтты елдімекен. Мұнда қазір 20 шақты ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың қатарында эстондықтар да бар. Ауылдың пайда болуы эстондықтардың осы аймаққа қоныс аударылуымен байланысты.

СНХ: НҰРЛАН СЕЙІЛОВ АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

125 жыл бұрын Петровка ауылына алғашқы жер аударылғандар, эстондықтар, келді. Олардың ұрпақтары бүгінде осы ауылда тұрып жатыр. 2018 жылдың маусым айында ауылдың мерейтойын атап өттік. Оның шеңберінде "Юксари" төбешігінде естелік тас ашылды. "Юксари" деген атау Эстониядан қоныс аударылғандардың тұрғылықты жерінің атына берілген.

Тілші: Бүгінде Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған. Қос тарапта сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті.

СНХ: ЮРИ РАТАС ЭСТОНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Бұл мен Қазақстанға алғаш келуім. Астана өте әсем қала екен. Бүгін осы жерде Петровка ауылында сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздерге Эстония халқының атынан жалынды сәлем жолдаймын. Достығымыз, қарым-қатынасымыз ажырамасын. 

Тілші: Елімізде бүгінде сан түрлі ұлт өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүруде. Олар өздерінің салт-дәстүрлерін ұстануға еш кедергі жоқ. Олар елімізде туып-өскен. Сондықтан, ұлтына қарамастан, туған жерім - Қазақстан деп біледі.   

СНХ: ЮЛИХ ГИЛЬДА КУЗЬМИНИЧНА ПЕТРОВКА СЕЛОСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл жаққа менің атам жер аударған. Ол кезде әкем небәрі 5 жаста болыпты. Мен осы ауылда тудым. Осында өстік. Қазір ауылымыз баяғыдай емес, үлкейіп келеді. Тұрмысымыз жақсы.

Тілші: Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юри Ратас жергілікті мұражайдағы жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, мейманға Қазақстан Халықтарының ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды.

Ермек Елберген

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар