ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЭТАЛОН МЕХА» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

21:31, 20 наурыз 2019

РКС:  Жәрмеңкеден ресейлік  өндірушілердің қолынан шыққан эксклюзивті  тондардың сан алуан түрін көруге болады. Қаракүзен, мутон, түлкі терісінен тігілген соңғы үлгідегі сәнді, сапалы тондардың бағасы да қолжетімді. «Эталон меха» өнімдері солтүстіктің қытымыр қысының қаһарын ескеріп тігілгендей, өте жылы. Тондар нәзік жандылардың жас  ерекшеліктеріне қарай түрлі талғаммен тігілген. Жақсы тон алуды жоспарлап жүрген болсаңыз, «Эталон меха» тондар жәрмеңкесіне барыңыз. Онда жоғары сапалы күзен терісінен жасалған түрлі ішіктер мен паркалар бар. Бастысы, жоғары сапа, қолжетімді баға қарастырылған.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ВИНОВНЫЙ, «ЭТАЛОН МЕХА» КӨРМЕСІНІҢ ӘКІМШІСІ/// «Эталон меха» жәрмеңкесі Көкшетауға қайта келіп қалды. Біз «Көкшетау» мәдениет сарайындамыз. Жәрмеңкеміз 24 наурызға дейін жалғасады.  Біз өзімізбен ішік, мутон тондарын, паркалар алып келдік. Жәрмеңкемізде киім үлгілерінің барлық өлшемдері бар. Қазір жақсы жеңілдік қарастырылған. Яғни, ақшалай төлем жүргізілетін болса, тондарға 150000 теңге жеңілдік болады. Сонымен қатар, пайызсыз бөлеп төлеу, несие рәсімдеуге болады. Барлықтарыңызды жәрмеңкемізге шақырамыз. Кез- келген нәзік жандыны талғамына сай киіндіріп жібереміз.

РКС: «Эталон меха» тондар жәрмеңкесі бұл жолы қала тұрғындарын жаңа топтамамен қуантуда. Тондар жәрмеңкесінің есігі наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында «Көкшетау» мәдениет сарайында таңғы сағат 10-нан кешкі 19.00-ге дейін үзіліссіз ашық болады.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар