ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КӨКШЕТАУ ЛИГАСЫ

15:02, 25 қыркүйек 2018

 РКС: Көктемде басталған бұл додаға  алғашында 20 команда қатысуға ниет білдірген. Жаз бойы өз араларында қарымта кездесулер өткізіп, ақтық бәсекеге екі команда жетті. Олар байырғы қарсыластар. Бір-бірін әбден танып, біліп алған «Елім-ай» және «Транстелеком» командалары.

СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ///Көкшетау әуесқой футбол лигасының финалы өтуде.  Финалда «Транстелеком» және «Елім-ай» командалары қатысып жатыр. Осы кубоктың иегерлері әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Көкшетау әуесқойлар футбол лигасы 2016  жылдан бастап өтіп келеді.  Осы жылы 20 команда қатысты. 

РКС:  Ауа райының салқындығы, өтпелі жауын-шашын  спортшыларға кедергі жасамайды. Себебі, көздеріндегі от, жүректегі сенім алға жетелеуде. Барлығында бір мақсат. Ақтық жарыста есе жіберіп алмай, Қазақстан чемпионатына жолдамаға ие болу.

СНХ: СЕРҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, «ЕЛІМ-АЙ» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ  ///Біздің команданың аты «Елім-ай» деп аталады. Біз осы жылы қала чемпионы атандық. Енді, міне, бұл ойында да бәрін жеңіп, республикаға жолдама алдық. Келесі жылы Қазақстан чемпионатында Көкшетаудың намысын қорғаймыз.

РКС:  Ақтық бәсеке алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Ойынның 4-ші минутында «Елім-ай» командасының ойыншысы Фархат Ашаев есеп ашып өз командасын алға алып шықты. Көп ұзамай «Транстелеком» командасы қарымта шабуыл жасап Виталий Калмыков сәтті пасты голға айналдырып, есепті теңестірді. Матч қорытындысы бойынша «Елім-ай» командасы 4-3 есебімен жеңіске жетіп, Көкшетау әуесқой футбол лигасының кубогына ие болды. Жерлес командағы алдағы додада сәттілік тілейміз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...