ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

«ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ҚАЗЫНАЛАРЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КӨРМЕСІ

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС. Жамбыл облысы аумағында тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы саны 3300-ден асады. «Ежелгі Тараз қазыналары» атты музей қарауында 100 ден аса тарихи-мәдени ескерткіш бар, оның 30-ы республикалық маңызы бар жәдігерлер. Одан бөлек ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларына еңген бес ірі ортағасырлық Ақыртас,Құлан,Ақтөбе-Степнинское, Баласұғын, Өрнек, Қостөбе қалашықтары бар.

 СНХ: ҚУАНЫШ ДӘУРЕНБЕК, ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК  ТАРИХИ-МӘДЕНИ  ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ. /// Біз міне Ақмола облысына көрмемен келіп отырмыз.Негізгі мақсат-Елбасының «Балашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында көне туындыларымызды паш етіп,ежелгі Тараз қазбаларынан табылған жәдігерлерімізді жұртшылыққа насихаттау.Бүгінгі күні ежелгі Тараз қаласында археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді.Мұнда тамашалауға балатын жәдігерлеріміз өте көп.Орта ғасырлық қалалардың тарихы жайында, сонымен қатар Тараз қаласы мемелекетіміздегі ең үлкен қала екенін дәлелдеу мақсатында келіп отырмыз.

РКС:  Көрменің Көкше төрінде қойылуының негізгі мақсаты-өңір тұрғындарын 2000 жылдан аса тарихы бар ежелгі Тараз қалашығымен және алтын,күміс, мыс пен қыштан жасалған қолөнершілер бұйымдарының жиынтығымен,сондай-ақ Тараз өңірінің саяси-сауда қарым-қатынастарын ашатын нумизматика жинақтамасымен таныстыру.

СНХ: РАУЗА ТӨЛЕУЖАН СТУДЕНТ /// Рухани жаңғыруға байланысты көптеген мұражайларда іс-шаралар болып жатыр. Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштерінің» жәдігерлерін көзбен көріп олардың тарихы жайында білдік. Мысалы,қыш ыдыстардың қай жерден табылғанын осы көрме барысында байқадық.Көрмеге байланысты барлық мәліметтермен танысып шықтық,қатты ұнады.

РКС:  «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты көшпелі археологиялық көрме бір ай көлемінде, яғни қазан айының 13-ші жұлдызына дейін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында таныстырылатын болады.Тарихымыздың темір қазығы саналатын «Ежелгі Тараз ескерткіштерін» көрем деушілерге есік ашық.

БАЙБОЛАТ ЕРХАНАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...