ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ФРОНТ-КЕҢСЕ. СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ

19:21, 8 қазан 2019

Көкшетау қалалық сотында заманауи фронт-кеңсенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан облыс аумағындағы осы тәріздес 7-ші кеңсе. Сот қызметкерлері «оупен спэйс» қағидаты жұмыс тәртібін оңтайландырып, азаматтардың арызына жылдам жауап қатуға мүмкіндік береді, - деп отыр.

Сот қызметі ашықтық пен кәсібилікті талап етеді. Азаматтардың әділ төрелікке көз жеткізіп, көңіл орнықтыруына қажетті жағдайды фронт-офистар қамтамасыз етпек.

Фронт-кеңседе азаматтарға қызмет көрсету кезегі автоматтандырылған. Келушілерді кеңес беруші заңгер, кезекші адвокат пен медиатор қарсы алады. Бір сөзбен айтқанда, заңға жүгінген адамға қажеттінің бәрі осы жерден табылады.

ЗӘУРЕ МАХМЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТ КЕҢСЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Сондай-ақ, біздің мекемеде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да жасақталған. Мұнда азаматтар дайын үлгілер бойынша өтініш жазып, компютер қолданып, қажетті құжаттарының көшірмесін жасай алады.

Мұндай кеңселерге, әсіресе, тұрғындары тығыз қоныстанған өңірлерде қажеттілік жоғары. Жоспарда Елорда маңы елді мекендерін қамту көзделген. Бұл бағыттағы қызмет келер жылы жалғасын таппақ.

ДАНИЯР САПАРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ СОТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Биыл Ақмола облысының 4 аудандық соты ғимаратында осындай кеңселер ашылды. Олар жемісті қызмет атқаруда. Мына кеңседе қалалық, тергеу және әкімшілік соттарына қызмет көрсетіледі. Байқағандарыңыздай кеңсе халыққа қызмет көрсету орталығын еске салады. Бұл тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, ашықтық танытуға әзір екенімізді білдіреді.

Фронт-кеңсе Көкшетау қалалық соты ғимаратында таңғы сағат 9-дан  18.30-ға дейін қызмет көрсетеді.  

Ауғанбек Манарбекұлы, Мадина Смагулова, Бауыржан Смагулов.

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...