ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

Ғаламтор желісін жеделдету – уақыт талабы

17:37, 18 наурыз 2017

Шалғайдағы Жарқайың ауданында ғаламтор пайдаланушыларының саны жыл санап артып келеді.

Шалғайдағы Жарқайың ауданында ғаламтор пайдаланушыларының саны жыл санап артып келеді. Аймақтағы барлық мектептер мен мемлекеттік мекемелер ғаламтор желісіне үздіксіз қосылып, ол үшін қажет деген құрылғылардың барлығымен қамтамасыз етілген. Сөйтіп, жарқайыңдықтар Елбасының биылғы Жолдауында айтылған  ІТ және сандық технологияларды дамытудың жаңа жолдарын қарастыру жөніндегі тапсырмасын орындауға дайын екендіктерін көрсетіп отыр.

Жарқайың ауданы жаңа ақпараттық технологияларды игеру жұмыстарына 2000 жылдардың басында көше бастады. Одан кейін білім мекемелерінде алғашқы мультимедиалық кабинеттер пайда бола бастады. Аудандағы Крупская орта мектебінде бүгінде тестілеу мен зертхана жұмыстарының барлығы ғаламторды пайдалану арқылы өтеді, сонымен қатар кейбір пәндерді оқытуда электронды оқулықтар қолданылады. Ал сабақтар болса, жаңа модификациядағы сыныптарда  өтеді.  

Бүгінде ғаламтор ересектер мен бірге балалар өміріне де мықтап енді. Қазірде Жарқайың ауданы бойынша ғаламтор желісіне 3 мыңға жуық адам қосылған және олардың саны жыл санап артып келеді.

Бүгінде ғаламторға қосылу заман талабы болып отыр. Өйткені, елімізде сандық технология өте жылдам дамып келеді. Сондықтан, осы желіге қосылған жарқайыңдықтардың ішінен де жаңа технологиялы бағдарламалар ойлап табушының шығуы әбден мүмкін.

Бибінұр Әмірханқызы, Наталья Анфимова, Дархан Сагын

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
19:24, 23 қаңтар 2018
ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
Толығырақ...
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
19:23, 23 қаңтар 2018
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар