ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

«ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН.МӘҢГҮРТ» АНТИУТОПИЯЛЫҚ ДРАМАСЫ

17:21, 7 қараша 2019


Өңірдегі шоқтығы биік өнер ордасы Шахмет Құсайнов  атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қоржыны тағы бір тың туындымен толықты. Өнер ұжымы қазіргі қоғамның дертіне айналып бара жатқан мәңгүрттікті көрсету  мақсатында Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн.Мәңгүрт» антиутопиялық  драмасын сахналады.

 «Ғасырдан да ұзақ күн.Мәңгүрт» антиутопиялық  драмасының айтар ойы мардымды, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, адамгершілік, ұлттық болмысты сақтап қалу, түп-тамырымызды, әдет-ғұрпымызды келешекке насихаттау сынды маңызды мәселелерді қозғайды. Режиссердің бұл спектакльге өзіндік ерекшелік енгізгенін айта кеткен жөн. 

ФАРХАДБЕК ҚАНАФИН, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР

Өздеріңіз білесіздер әр театрдың репертуарында мазмұнды классикалық туындылардың болғаны жөн. Біз бұл қойылымға жаңашылық ретінде Әбутәліпов пен Зарипаның оқиғасын қостық. Және де жастарға түсінікті болу үшін заманауи элементтерді де қамтыдық.  

Спектакль бұрынғы майдангер, қазір қарапайым теміржолшы Едігенің өмірде көрген-білгендерін баяндаудан тұрады. 44 жыл бойы теміржолда аянбай еңбек еткен, қартайғанда балаларының қамқорлығынсыз қалып, жалғыздықта көз жұмған досы Қазанғапты жерлемек. Досына берген аманатты орындау кезінде Едіге талай дүниені ой елегінен өткізеді. Едігенің бейнесін сомдаған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатов қанша жерден тісқаққан актер болсам да, бұл жолғы рөлімнің ішкі толғанысын ашу қиынға түсті,-дейді.

ҚАЙРАТ МЫРЗАБОЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР

Әрбір рөл оңайлықпен келмейді. Маған бұл жолы қиынға соққаны Едіге өзі оқиға желісін айтып отырады да, бір қадам жасап рөлдегі адам бейнесіне еніп кетеді. Өзіме қойылымның айтар ойы қатты ұнады. Қазір ешкім кітап оқымай қолдарындағы телефонға үңіліп мәңгүрттеніп бара жатыр. Тастаңыздар!  театрға келіп шынайы өнерді көріңіздер.

Туынды әубастан орыс тілінде өмірге келген, қазақ тіліне аударған   Шерхан Мұртаза,  Инсценировкасын жасаған Әзірбайжан Мәмбетов. Қазақ сахналарында  театрлар өздерінің ізденістеріне сайлас әртүрлі құбылтып ойнайды. Ал, Шахмет Құсайнов  атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ерекшелігі суретші  жұмысының шеберлігі деп атауға болады.   

ИБРАГИМ ИСЕНОВ, ҚОЮШЫ-СУРЕТШІ

Екі ғасырдың ортасындағы өзгерістер болғанна кейін мұны суреттеу жеңілге түскен жоқ.  Сахнаға қойға реквизитар арқылы адамдардың ойлау қабілетінің шектеулі бір ортадан шықпай қалғанын көрсеткім келді.Қолдан келгенше шығармашылық ұжыммен бірлесе еңбектендік, бағасын көрермен айта жатар.

Қойылымның айтар ойы есті адамды елең еткізбей қоймайды.Айта кету керек,  Премьера қараша айының 7 мен 8- ші жұлдызында, кешкі 18:30-да театр сахнасында көрермендерін асыға күтетін болады.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...