ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

15:04, 14 қазан 2019

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ұзақ мерзімді жедел жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың 10 қазанында аса ірі көлемде героинді өткізу арнасының жолы кесілді. Жүргізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар нәтижесінде Атбасар қаласының өзара туыс, үш тұрғыны ұсталды.

48 жастағы күдіктіні жеке тінту барысында есірткі заты бар 7 полиэтилен орамасы тәркіленді. Жүргізілген талдау барысында героин салмағы 45 граммды құраған. Сондай-ақ, ұсталған азаматшаның анасының тұрғылықты жері бойынша, 72 жастағы зейнеткер үйінде салмағы 404,14 грамм болатын орамалар табылды. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 465,79 грамм героин тәркіленді. Қылмыстық топтың екі мүшесі бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін, соның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін бірнеше рет сотталған болып шықты.

БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Атбасар аумағында үш адамды ұстау дерегі анықталды. Аса ірі көлемде героинді сақтағаны үшін қазіргі уақытта аталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерекке қатысты 297-бап бойынша, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қалған ақпарат тергеу шеңберінде жарияланбайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар