ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

17:34, 10 қаңтар 2020


Халық қалаулылары ел ішінде. Ақмола облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері Владислав Косарев пен Тұрғын Сыздықов келді. Олар Жақсы ауданының іргесінде орналасқан Белағаш ауылындағы жергілікті серіктестік жұмысшыларымен кездесті. Бұдан соң, аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, жұртшылықпен жүздесті.

Халық қалаулылары алдымен Жақсы ауданының іргесінде орналасқан Белағаш ауылына ат басын тіреді. «ТНК» агрофирмасының құрамына кіретін жергілікті «Белағаш» серіктестігі 25 мың гектардан астам алқапқа егін егеді. Шаруашылықта 2 мыңға жуық асыл тұқымды және сүт бағытындағы ірі қара мал өсіріледі.  Ұжымда 200-ден астам адам еңбек етеді. Күз мезгілінде жиналған астық қазіргі заманғы қамбаларда сақталады. Оны серіктестік тұтастай өзі өңдейді. Дайын өнімдер Қазақстан аумағымен шектелмей, алыс жақын шет елдерге экспортталады. Мәжіліс депутаттарының айтуынша мемлекет қолдауының арқасында шаруасын ширатып әлеуметтік жауапкершілікті айқын сезініп отырған жергілікті серіктестік жұмысы өзгелерге үлгі болуы тиіс.

ВИКТОР ГЕРТНЕР, БЕЛАҒАШ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуге келіп қатысып отырмыз. Қазір өткен жылға есеп беріліп, алдағы күнге жоспар жасайтын кезең. «Халық коммунистері» фракциясының көтеріп отырған мәселелері көңілге қонымды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарды жасы егде тартқан азаматтар жақсы білетін болар. Өткенді саралап, болашаққа бағдар жасау мәселесін Үкіметтегілер де назардан тыс қалдырмайды. Жалпы алғанда елдің даму барысы мен бағыт бағдары өте дұрыс деп есептеймін.

Еңбек ұжымымен кездесу барысында халық қалаулылары түрлі мәселелерді ортаға салып, қарапайым халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Атап айтқанда ауылшаруашылығы кооперативтері, пайдаланылмай жатқан егістік алқаптар мен түйіткілі көп жайылым жерлерге қатысты әр азаматтың пікірін біліп, ой бөлісті.

ВЛАДИСЛАВ КОСАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Біз Зеренді ауданының үш ауылында болып жұртшылықпен жүздестік. Кеше Атбасар ауданында үш кездесу өткіздік. Ендігі кезек Жақсы ауданына да келіп жетті. Басты мәселе жергілікті халықтың тыныс-тіршілігімен, өзекті мәселелерімен етене танысу. «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Үкіметке сан түрлі мәселелер бойынша жиі депутаттық сауалдар жолдайды. Бір қуанарлығы, біз көтерген өзекті де өткір әрі нақты мәселелер өзге де фракция депуттары тарапынан үлкен қолдау тауып келеді.        

Депутаттық корпустағы «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері Президент Жолдауында атап көрсетілген мақсат-міндеттерді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық қала, аудан, ауылдарда кең көлемде жалғасатынын атап өтті.

ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мен өте қуана келдім. Бұл өзіміздің туған жерлеріміз ғой. Мен де Көкшенің азаматымын. Бұл жақтың мәселесін де қапарпайым қызметтен бастап, тракторға отырып, комбаинге отырып істеген азаматпыз. Халықтың жағдайларын біраз білеміз.  

Мәжіліс депутаттары Жақсы ауданы іргесіндегі марганец өндіруге қатысты халық пікірін толықтай қолдайтындықтарын және қолдан келген көмекті көрсететіндіктерін жеткізді.  

КӘМИЛӘ МҰҒАЛОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Егер депутаттар осылай халықпен жиі кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын естіп, оны шешуге тырысатын болса, бүгінгі демокартиялық біздің елдің бұл сұрақтарға өте көп көңіл бөледі деп ойлаймын.

Халық қалаулылары ¤қаңтар айының 5 інен 15-і аралығында аудан, қалалармен шалғайдағы ауылдарды аралап, халықпен жүздеспек. Көздеген мақсат халықтың мұң-мұқтажымен етене танысып, өзекті де өткір мәселелерді Парламент қабырғасында яғни Үкімет деңгейінде көтеру.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...