ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САҢЫРАУЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

19:22, 8 қазан 2019

Ішіндегі мұ­ңы мен сырын жеткізе алмайтын жандар биыл халықаралық саңыраулар күнін атап өтті. № 4 арнайы мектеп-интернатының есту және сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балалары бұл атаулы күнді тойлау мақсатында  мерекелік концерт ұйымдастырып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Жалпы өңірде есту қабілеті бұзылған 800-ден астам жан бар. Соның, 100 шақты жеткіншегі Көкшетау қаласында орналасқан  №4 арнайы мектеп-интернатында тәлім алады.  Тіпті, бұл мектепте кохлеарлы қондырғысы бар балалар да білім алуда.  

МАЙЯ ТЕМІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл балалар кохле қондырғысы орнатылатын отадан өткен. Яғни, осы қондырғы арқылы балалардың есту қабілеті жақсара түседі. Дегенмен, олардан  арнайы қолдау үзілмейді. Сурдо ұстаздың көмегі көрсетіледі. Жалпы, меткеп интернатқа мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Толықтай мемлекеттік қамқорлығына алынған.  

Халықаралық саңыраулар күнін атап өту шарасы барысында саңыраулар қоғамының шығармашылық ұжымыда белсене атсалысты. Ұжым басшылығының айтуынша, есту қабілеті бұзылған жеткіншектер түрлі мәдени-спорттық сайыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындардан көрінуде.

ЛЮБОВЬ СЕНЧЕНКО, САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Барлықтарына белгілі болғандай балаларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мәселен, республика бойынша өткен ыммен ән айтудан 2-ші орын, би сайысынан 3-ші орынға ие болдық. Міне, бүгінде осы жетістіктерімізді көпшілік алдында паш етудеміз.  

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасайтын мамандардың айтуынша, бұл сырқат түріне қарамастан жеткіншектердің ақыл-өрісі берік. Оларға артылар үміт те зор. Қоғаммен біте қайнасып кетуге толықтай мүмкіндері бар. Сондықтан, олар болашақта белгілі бір маман иесі атануы үшін түрлі орта арнаулы білім ошақтарында білім алуларына жағдай жасалған.  

МАЙЯ ТЕМІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Яғни, біздің балалар № 1 құрылыс-техникалық колледжінде білім ала алады. Сәндік қолданбалы қолөнер шебері, аспазшы мамандықтарын игереді. Осы коллежді бітіріп шыққан 20 шақты түлектеріміз бүгінде өз істерін меңгеріп, өңірдің түрлі ұйымдарында жұмыс істеп келеді.

Жалпы, есту және сөйлеу қабілетінде кемістігі бар жандармен жұмыс жасайтын мамандардың айтуынша, бұл сырқат түрімен ауыратындардың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, 2017 жылы олардың саны 564 болса, биыл олардың қатары 800-ден асуда. Әсіресе, мамандар бұл сырқат түрі жасарып, жастардың арасында көптеп кездесіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Олар емі жоқ бұл аурудың өршуіне басты себептің бірін, туа біткен қасиетпен қатар, келеңсіз жағдайларға көптеп ұшырауымен түсіндіреді.

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Павел Соловьев

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...