ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

20:58, 13 қыркүйек 2017

«Сот кабинеті» сервисі – бұл қағаз құжат айналымынан бас тартып, электрондық озық технологияға ауысудың бірден-бір көрінісі. Шетелдік сарапшылар облыстық соттың бұл бағыттағы жұмысына үлкен қызығушылық танытты. Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңғы 8 айында облыс соттарына 22 мыңнан аса талап-арыз түссе, оның 18 мыңнан астамы, яғни 81 пайызы «Сот к абинеті» арқылы тіркелген.

Тәжірибе алмасу мақсатымен келген шетелдік делегация өкілдері сондай-ақ, қылмыстық іске қатысты өткен сот отырысына қатысты. Одан соң ақпараттық-анықтамалық киоскінің жұмысымен танысып, сот ісінің қозғалысына қатысты ақпаратпен қанықты. Халықаралық сарапшыларды әсіресе, істерді медиация тәртібімен шешу тәртібі қызықтырды. Олар бұған қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алғандарына риза болды.

Кездесу соңында соңында шетелдік сарапшылар  облыстық сот мұражайында болып, өңірдегі сот жүйесінің тарихымен танысты.

Бибінұр Әмірханқызы 

Тақырып бойынша материалдар

14 ЛАЗАУЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
17:46, 22 қыркүйек 2017
14 ЛАЗАУЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар