ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ СЕНБІ КҮНІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

19:41, 12 тамыз 2020

ДК: Облыс аумағындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығы бұдан былай сенбі күні де жұмыс істейді. Жаңа кестеге сәйкес халыққа қызмет көрсететін барлық бөлімдер жексенбіден басқа күндері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін азаматтарды қабылдайды.    

РКС: Карантин енгізілген уақыттан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күні тұрғындарды қабылдауды тоқтатқан еді. Облыстың санитарлық бас дәрігері жұмыс кестесіне өзгеріс енгізу туралы шешім шығарды. Сөйтіп, орталықтың жұмысы қайта жанданды. Карантин талаптарына сай орталыққа алдын ала жазылу қажет.        

СНХ: НҰРБЕК ҚАЙЫРЖАНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Сенбі күндері көп адам хабарласатын. Олар дүйсенбі мен жұма аралығында тығыз жұмыс кестесіне байланысты мемлекеттік корпорацияның фронт-кеңселеріне келе алмайтын. Осыған байланысты және орталыққа келетін адам санын азайту мақсатында сенбі күні жұмыс істеу туралы шешім қабылданды. Яғни, бұл күні апта бойы көрсетілетін барлық қызмет түрін рәсімдеуге болады. /

РКС:  Электронды қызмет түрлерін арнайы терезе арқылы тек зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасының мүшелері ғана ала алады. Компьютері немесе интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға әкімшіліктің, екінші деңгейлі банктердің ғимараттарында  электронды үкіметтің арнайы бұрыштары ұйымдастырылған. 

 
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...