ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУҒА АРНАЛҒАН ШАРАПАТЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

18:16, 14 шілде 2017

адияр Түйебаев 21 жаста. Ол экономист мамандығы бойынша білім алған.

 

Мадияр Түйебаев 21 жаста. Ол экономист мамандығы бойынша білім алған. Алайда орта арнаулы оқу орнын бітіргеннен кейін, жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты қиындықтарға кезігеді. Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген оны жастарға арналған іс-тәжірибеден өтуге жібереді. Одан кейін Мадияр Шортанды ауданының  жастар ресурсы орталығына әлеуметтік медиа-маркетинг бойынша  менеджер болып тағайындалады.

Мадияр іс-тәжірибеден өткен алты ай уақыт ішінде өзінің кәсіби біліктілігін шыңдады. Айтуынша, еңбегі еш кеткен жоқ. Ал Кристина Лазарева болса, Шортандыдағы жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылдың сәуір айында келген еді. Бүгінде ол аудан орталығындағы жаңа шағын маркетте әкімші қызметін атқаруда.

Ал жергілікті жердің жеке кәсіпкерлері аудандық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қызмет атқарып келеді.  Мысалы, Бибігүл Оспанова соңғы екі жыл ішінде 4 жерлесін жұмысқа қабылдаған.

2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасына соңғы жарты жыл ішінде 200-ден артық адам тартылып, оның 19-ы бүгінде тұрақты қызметке орналасқан. Ал он шақтысы жастар тәжірибесіне жіберілген.

Айгүл Мырзағалиқызы, Кайрат Абенов

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...