ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМА

16:09, 10 тамыз 2018

РКС: Жастарға сапалы білім беруде ұстаздардың кәсіби біліктілігі маңызды екені сөзсіз. Ал, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы деп тегін айтылмаған. Бүгінде елімізде сапалы білім берумен қатар жас ұрпақтың тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. Балабақшада 15 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Гүлнәр Қапалбаева балғындардың бойында игі қасиеттердің болуына назар аударумен қатар олардың білімге деген қызығушылықтарының оянуына ат салысады. Елбасының бастамасымен білім гранттарының көбейюі жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып, тек сапалы білім алуға ұмтылуына жол ашады,-дейді тәжірибелі тәрбиеші.

СНХ: ГҮЛНӘР ҚАПАЛБАЕВА, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТӘРБИЕШІ   Ересек тобынан шыққан 15 бала үлкен мектептерге барып, Назарбаев мектебі, лицейлер бар соған тестирование өтіп, сол мектептерге қабылданды. Балабақшадан шыққан балаларымыздың үлкен жетістікке жетуі ол біздің де жетістігіміз деп ойлаймыз. Назарбаев мектебінде оқып, әрі қарай дамып жатса, ол біздің ұрпағымыз тек қана ұтады деген ойдамын. ///

РКС: Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірі, бұл қолжетімді баспана, яғни 7-20-25 бағдарламасы. Бұл жұмыс істейтін әрбір азаматтың пәтер сатып алып, отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында оны төлей алатын арзан ресурстар ұсынатын тиімді  тетік.

СНХ: САҒДАТ ТОҚМОЛДИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ// Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жастарға баспаналы болуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. «7-20-25» бағдарламасының аясында төмен пайызбен, 25 жылға дейін төлеп тұру мүмкіндігімен несие берілуде. Бұл әрине, баспанасыз жүрген көптеген жастар алдағы уақытта үйлі болады деген сөз. Ал, бұл жас отбасы үшін өте маңызды. Енді олар болашаққа нық қарап, қызметтерін еш алаңсыз атқаратын болады. ///  

РКС: Елбасының бес игі жобасы – қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жақсартып, халық бірлігін нығайтуға өзіндік септігін тигізетіні анық.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ – АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРЛЕУІ
20:05, 17 қаңтар 2019
АСТАНАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ – АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРЛЕУІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАҺАРМАНДАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
18:55, 17 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАҺАРМАНДАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ 200-ДЕН АСА МЕКТЕПТЕ БІРНЕШЕ ПӘН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛУДА
18:08, 11 қаңтар 2019
ӨҢІРДЕ 200-ДЕН АСА МЕКТЕПТЕ БІРНЕШЕ ПӘН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТ...
Толығырақ...