ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ - ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН

15:25, 6 қаңтар 2020

 


Халық құндылықтары ғасырлар бойы қалыптасқан.  Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көшпенділер ұрпақтарының өмірінде кездесетін дала өркениетіне ерекше назар аударды. Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерделеу үшін көптеген жұмыстар атқарылды  тарихи шежіренің ұмытылған бөліктерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін «Мәдени мұра» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Күні бүгінге дейін  көптеген деректі  тарихи дәлелдер ғылыми айналымға енгізілмеген. Олардың дені қазіргі кезге дейін шетелдік мұрағаттарда сақталуда. Жастар қауымы осы деректердің жарыққа шығатын уақытының жеткеніне сенімді. Өз елінің шығу тарихымен мақтанып, еліне деген патриоттық сезімді мектеп қабырғасынан қалыптастыру керек. Сондықтан, Елбасы  еліміздің барлық аймақтарындағы мектептер мен тарихи-өлкетану музейлерінде тарихи-археологиялық қозғалысты құру маңызды деген болатын. Ұлттық тарихқа деген қызығушылық қазақстандықтар арасында ауызбіршілікке бастау болып отыр.

ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, СТУДЕНТ:

Менің өз басымды ата-бабаларымның өткен өмірі  қызықтырады. Менің жасымда болғанда, ол кісілердің қандай арман мақсаттары болы екен. Егер, мүмкіндігім болса, өткенге қайта оралып, тарихты өз көзіммен көргім келетін еді. Мен, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысымын, ВКонтакте және Инстаграмдағы көптеген парақшаларға кіріп тарихи ақпарттар аламын.

Тарихи құндылықтардың кеңінен насихатталуы мектептер мен мұражайларда ғана жүргізілмеуі тиіс. Көшпенділердің жүріп өткен тарихи сара жолын қазіргі жастарға деректі фильмдер мен ғылыми зерттеу деректері арқылы да жеткізуге болады. Әрине, тарихи тұлғалардың есімдерін атамау мүмкін емес. Ұлы даланың төскейінде  көптеген ұлы есімдер туған.  Олардың қатарына Әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке мен Абылай хан, Кенесары және Абай сияқты ірі қайраткерлер жатады.

ИВАН МУЛЯКАЕВ, СТУДЕНТ:

Қазіргі уақытта жастар Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Абылайхан сияқты тарихи тұлғаларды тану арқылы тарихқа басымдық беруде. Маған Шоқан Уәлиханов ұнайды, ол географ ретінде біздің аумақта пайдалы қазбалардың кен орындарын ашты. Биыл қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланбақ. Менің ойымша бұл айтулы дата. Ақынның әдебиет пен мәдениет салаларының дамуына қосқан үлесі зор. Көптеген шетел шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

Жастар өздерін ұлттық кодтың сақтаушылары және  мен тарихты одан әрі таратушы екендіктерін айтады. Бұл идея қазіргі қазақстандық қоғамда жаңғыртылған рухани жаңғырудың арқасында күшейтіле түспек.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, МАДИНА СМАГУЛОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...