ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!

14:56, 21 тамыз 2019

ДК:   Израиль  мемлекетінің  Қазақстандағы  төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельсман  Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.  Облыс басшылығымен кездесу барысында туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Делегация Израиль туроператорлар мен журналистеріне  аймақтың көрікті жерлерімен танысу үшін ресми түрде ұсыныс білдірді.

РКС:  Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Израиль мемлекетінің ресми өкілдерін қарсы алып, аймақтың негізгі даму бағыттары туралы баяндады. Израиль Елшісі Лиат Вексельсман аймақтың әсем табиғатын тілге тиек етіп, израильдік туроператорлар мен журналистерге курорттық аймақтармен танысуға және туризм саласындағы ынтымақтастық жоспарын құруға ресми ұсыныс білдірді.

СНХ:  ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Біз бірлесе қызмет атқаруға дайынбыз. Сізге аймақтың көрікті жерлерін көрсетуге, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысымен таныстыратын боламыз. Өңірде  мал шаруашылығы, сүт фермаларын дамыту, жем және дәнді дақылдарды өсіру мықтап жолға қойылған. Сіздермен бірлесе отырып  біраз жоспарларды іске асырамыз деп үміттенеміз.

РКС:  Лиат Вексельсман Израиль мемлекетінің заманауи технологиялары әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылып, табысты қызмет атқарып жатқанын атап өтіп,  өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

СНХ: ЛИАТ ВЕКСЕЛЬМАН,  ИЗРАИЛЬ  МЕМЛЕКЕТІНІҢ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ  Біз ынтымақтастыққа дайынбыз. Табиғаттарыңыз өте әдемі. Біз туризм, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты қалаймыз. Су және ауылшаруашылық технологияларымен қамтамасыз ететін боламыз.

РКС:  Жұмыс сапары аясында Израиль мемлекетінің өкілетті елшілері Макинск қаласындағы құс фабрикасы мен «Есіл Агро» кәсіпорнының жұмысымен   таныспақ.

АЙЖАН АҚТАЕВА, РОЗА МАНТАЕВА ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...