ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ

19:48, 15 қыркүйек 2020

ЖҮРГІЗУШІ: Президенттің Жолдауында жердің шетелдіктерге сатылмайтыны, жалға да берілмейтіні айтылды. Алайда, ұлан-байтақ жерімізді толық игеріп, экономикалық айналымға енгізу өз қолымызда. Бұл саладағы қордаланған мәселелер қандай? Әріптесім Айсәуле Съезбек тарқатады.

РКС: Үкіметтен жер алып, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер де баршылық. Соның бірі - Қазыбек Нұрсайынұлы. Бурабай ауданына қарасты Қоянды елдімекенінде 1200 гектар жер алып,  егін және мал шаруашылығымен қатар айналысып жүр. Қаңырап бос қалған ауылға 2012-ші жылы Шығыс Қазақстаннан көшіп келіп,  2018-ші жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 50 млн. теңге несие алып, Чехиядан асыл тұқымды мал әкелген. Мал басын көбейтіп, биыл сүт фирмасын да ашқан. Малға беретін жем-шөпті де сатып алмайды. Өздері егеді.

СНХ: ҚАЗБЕК АХМЕТОВ, ҚОЯНДЫ АГРО ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ(ҚАЗ)///05:22 Өзіміз Үкіметтен конкурспен қатысып алған жерді пайдаланып,  өңдеп, жылдағысын жылда бүкіл шаруашылығымызға жетіп тұр. Бірақ мал басын көбейтсек, тағы жер керек әлі. Тағы жер беріп жатса, 2 мың гектардай жер алатын ойымыз бар.

РКС: 15 тұрғынды жұмыспен қамтып, оларға жатақхана да салып қойған шаруашылық иесі сүтті сиыр санын 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпкер ауылға келіп, шаруашылықпен айналысам дейтін азаматтар болса, барлық әлеуметтік жағдайын жасап, жұмыспен қамтуға да дайын екенін айтты.

Жолдауда Президент Үкіметке ауыл шаруашылығы секторын жетілдірудің әдіс-тәсілін әзірлеуді міндеттеді. Бұл орайда, аграрлық ғылымды дамыту мәселенің түйінін шешетін негізгі бағыт. Ал отандық ғалымдар ауыл шаруашылығына қажетті сапалы әрі арзан тыңайтқыштар ойлап тауып, тиімділігін дәлелдесе де, бизнес тарапынан сұраныс жоқтың қасы, - дейді академик  Әбілжан Тоқанұлы.

СНХ:    ҚҰСАЙЫНОВ ӘБІЛЖАН, ҚР  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ: /// 01:03. /// Өнімді жақсы әрі тұрақты алу үшін топырақтың құнарлылығын сақтап қалу керек. +  04:37 Ал тыңайтқыштың бағалары қымбат. Сондықтан бізде өнімділікті арттыру үшін   тыңайтқышты аз қолданады. + 04:51 Сондықтан  біз жергілікті кәсіптің қалдықтарын тыңайтқыш ретінде қолдануды қарастырдық. Көкше өңірінде көмірдің күлі негізінде тыңайтқыш шығардық. Агробионат деп атадық. Үш патентіміз бар. +09:08 Бірақ өндіріске енді деп айта алмаймын.

СТЭНД-АП: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ///Ақмола облысының жалпы жер қоры  14 млн 600 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы  мақсатында пайдалануға болатын 10 млн 800 мың гектар жер бар. Яғни, облыс аумағының 74 проценті  егістік пен жайылымға жарымды. Алайда, жыл басында ғарыштық мониторинг арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған 1 млн.500 мың гектар бос жер анықталған.

СНХ: НҰРБОЛАТ БӨКЕН, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: 1 млн.500 мың  гектар жердің 1 миллионға жуығы айналымға тартылды. Тексеріс шаралары жүргізілгеннен кейін 600 мың га. жер пайдалануға енгізілді. 200 мың га жердің пайдалану құқығы басқа субъектілерге берілді. Мемлекеттік меншікке 195 мың га жер қайтарылды.

РКС: Жалпы сараптаудан өткеннен кейін, облыстағы игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 502 мың гектарға дейін қысқарған.

АЙСАУЛЕ СЪЕЗБЕК, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...