ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ІІ ӨҢІРАРАЛЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

20:20, 13 қыркүйек 2017

Шараның көздегені Елбасының: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында халқымыздың аяулы ақын ұлы, асқақ әншісі Үкілі Ыбырайдың шығармашылығын насихаттау. Биылғы жылы өнерсүйер қауым үшін тағы бір тамаша тарту Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырай есімі берілмек.

Теріскей өңірге гастрольдік сапармен барған өнер ордасы Үкілі Ыбырай ауылының жұртшылығы алдында әуелетіп ән салып, күмбірлеген күй тартты. Ақмола облыстық филармониясының жекелей солистері «Гәкку», «Айнакөл», фольклорлық ансамбльдері орындаған Үкілі Ыбырай туындыларын көпшілік көрермен ерекше ықыласпен қабылдады. Ауылға 2008 - ші жылы Үкілі Ыбырай есімі берілген.

Талантты өнер иелері ұсынған концерттік бағдарлама көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған», «Дүние», «Қарақат көз», «Гәкку», «Желдірме», «Шалқыма» әндері орындалды.

Кеш барысында Арқаның күміс көмей бұлбұлы Бисара Мәкенова, жез таңдай әншісі – Ғазиза Жұмекенова сондай-ақ Арқа ән мектебі мұрасының түпнұсқаларын нақышына жеткізе орындап жүрген Сәрсенбай Хасенов сынды ізденімпаз дарын иелері өнер көрсетті.

Ерболат Серікбай 

Тақырып бойынша материалдар

М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
19:18, 23 мамыр 2018
М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...