ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

19:28, 13 мамыр 2019

РКС: Дәстүрлі шара «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында салтанатты түрде ашылды. Форумның негізгі мақсаты – қазақстандық жас патриоттарды тәрбиелеу. Форум бір мезетте Түркістан облысы мен Қапшағайда орналасқан орталықтарда да  ұйымдастырылып, 1000-ға жуық патриоттардың басын қосты.

СНХ: ЭЛЬМИРА СУХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ/// Балалар бүгін көрсетіп жатыр қалай өз жерін, елімізді жақсы көру керек екенін. Тек қана жастарға емес, біздің үлкен кісілерге де қандай бүгін мақтаныш. Сондықтан, біз әрине, оған өте қуаныштымыз.

РКС: «Ел болашағы – біздің қолымызда». Бұл - форумға қатысушы балалардың ортақ ұстанымы. Форум барысында бейбіт күннің батыр балаларын Академияға салтанатты түрде қабылдап, қаһармандық іс жасаған мектеп оқушыларына төсбелгі тағылды.

СНХ: МҰХИТДИН ТӨЛЕПБАЙ, «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ/// Бұл халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Бізге Ресей Федерациясынан, Омбыдан және Мәскеуден келген делегаттар бар. +скл+ 05:09 Біз балалардың келешекте бұзылмауына, болмаса, жаман жолға түсуден сақтап қалу мақсатында және келешек әр патриот өзінің әр түрлі салада жұмыс істеп кетуіне біз ұйытқы боламыз деп ойлаймыз. Жоспарымыз сондай жалпы.

РКС: 2016 жылы қазақстандық жас патриоттар Академиясы құрылды. Үш жыл ішінде қазақстандық жас патриоттар Академиясына 2000-ға жуық оқушы қабылданды.  Қазіргі таңда жас патриоттар еліміздің әр өңірінде патриоттық бағыттағы іс-шараларға белсенді араласады.

СНХ: МЕРХАТ ЖЫЛҚЫБАЕВ, ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ/// Мен жаңа ғана ҚР білім және ғылым министрлігі мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына облыстар бойынша өз штабтарын ашу жайлы ұсынысымды білдірдім. Сол арқылы біздің патриоттарымыз барлық іс-шараларға етене араласып, академияның ауқымы кеңейе түсер еді дегім келеді. Сол кезде патриоттарға жұмыс істеу де оңайырақ болады.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...