ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСКЕ ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ

18:31, 30 маусым 2020

 

ДК: Мемлекет басшысының қатал сыны covid-пен күреске тың серпіліс бергендей. Жаңадан тағайындалған министр пандемияға қарсы шаралардың жаңа пакетімен таныстырды. Ақмола облысының денсаулық саласына індетпен күрес үшін тағы да қаражат бөлінбек. Медициналық мекемелер қажетті жабдықпен қамтамасыз етіледі.  Толығырақ тілшімізі Ердігүл Дәдібасқызы тарқатады.

 

РКС: Қазақстан әлем бойынша инфекция тез таралған елдердің қатарына енді. Індеттің жұғуы 7 есеге артқан. Ел әбігерге түсті. Халық арасында дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелең туып, салдарынан медикамент тапшылығы орын алды. Аталмыш дәрілер отанымызда өндірілетіндіктен, аптаның аяғына дейін аймақтардағы қоймаларға, дәріхана сөрелеріне мол мөлшерде жеткізілетінін айтып, сабырға шақырды денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: //аударма// (5.30) Тұрғындар жедел жәрдем қызметіне көп шағымдануда. Жедел жәрдем қызметін шақырту еліміз бойынша 1,8 есеге, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2-2,5 есеге артқан. Бригада мен жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі үлкен мәселе болып тұр. Отанымызда шығарылатын 807 автокөлікті «Corona-taxi» ретінде пайдаланбақшымыз. Бұл – шетелдің тәжірибесі.

РКС: Ақмола аймағында да осы тәжірибе іске асырылмақ. Енді медициналық көмек көрсету үшін әкімдіктен Көкшетау қаласына 8 автокөлік берілмек. Аудан әкімдеріне де осындай тапсырма жүктелді. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметі қала бойынша бір тәулікте 350-ге жуық шақыртуға барады. Вирус жұқтыру салдарынан бірнеше бригада қатардан шықты. Бұл жұмысты бөгеп тұрғаны белгілі. Медициналық колледжді тәмамдаған 44 фельдшер енді жедел жәрдем қызметіне жұмылдырылмақ. Өңірде індетпен күреске бөлінген 1,7 миллиард теңге қаржы есебінен екі траншпен қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, 17 өкпені жасанды жолмен желдету аппараты, 17 монитор, реанимациялық төсектер алынып, пайдалануға берілді. Індетпен күреске тағы қосымша қаражат бөлінбек.

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ://аударма//Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша өкпені жасанды жолмен желдететін тағы 15 аппарат алуға ұсыныс берілді. Мемлекеттік материалдық қорда тағы осындай аппараттарымыз бар. Алдыңғы аптада жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сатып алу кезінде ешқандай кедергілер болмауы қажеттігін шегелеп тапсырды. Бұл мәселе де жолға қойылуда.

РКС: Аймақтың денсаулық сақтау саласы соңғы екі аптада үш айлық медикамент қорын пайдаланған. Препараттар әзірге қорда жеткілікті. Тек анбактериалды дәрілер қажет. Ол үшін қосымша тағы 65 миллион теңге бөлінбек.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...