ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

16:02, 28 қараша 2019


Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен тұңғыш рет инвесторлар сағаты ұйымдастырылды. Ауқымды шара инвесторларға арналған фронт-кеңсе алаңында тікелей қарым-қатынас форматында өтті. Кездесу аясында әр кәсіпкер мен ірі инвестор өз жобалары мен даму жоспарларын ұсынып, сол жерде салалы мемлекеттік органдардан қажетті кеңестер алды.

Инвесторлармен кездесуге келген аймақ басшысы Ермек Маржықпаевқа әуелі облыстық кәсіпкерлер палатасындағы кәсіп иелеріне қолдау көрсету орталығы, коворкинг-аймақ, сондай-ақ, бизнеске қызмет көрсететін «Атамекен сервисес» жобасы таныстырылды. Инвестициялық жоба ұсынғандардың бірі «Kusto Energy» компаниясы.  Олар Бурабай ауданының аумағындағы «KazBeef» серіктестігі мен Макинка құс фабрикасына арналған биогаз  зауытын салмақ ниетте.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіздердің жоба бойынша жұмыстарыңыз шұғыл түрде ілгері басу үшін бізден қандай көмек қажет. Тартылатын инвестиция көлемі қандай?.

АЛМАЗ ТУЛЕНОВ, «KUSTO ENERGY» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Инвестицияның жалпы сомасы 10 миллиард теңге.  Қазіргі таңда біз қажетті жер аумағын таңдадық. Алдағы 6 айда жоба толық әзірленеді. Біз түркиялық әріптестеріміздің технологиясын енгізгелі отырмыз. Осы жобаға түркиялық бизнесмендерді тарту мәселелерін қарастырудамыз.

Түркиялық инвестор Ахмет Алмади Ақмола облысында тәулігіне 200 тонна зығыр  өңдейтін зауыттың инвестициялық жобасын жүзеге асыруды көздеп отырғандығын жеткізді. Алдын-ала болжамға сәйкес зауыт Көкшетау қаласында орналасатын болады. 

АХМЕТ АЛМАДИ, «ГРИН ВАЛЕЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (ТҮРКИЯ )

Біздің мақсатымыз - бұршақ тұқымдас дақылдар өңдейтін зауыт салу. Біз ең бірінші кезекте ірі шаруашылықтардан зығыр, бұршақ дақылдарын сатып алып, өңдейтін боламыз. Жыл өткен сайын дақылдардың шығымы мен егіс көлемі де төмендеп келеді. Бұл ретте шаруашылықтар өсіретін дақылдарды өткізу мәселесі тиуындайтыны белгілі. Біздің зауыт осы бағытта таптырмайтын мүмкіндік деп білеміз. Біз оны жергілікті жерде өңдейтін болсақ бағасы да қолжетімді болады.

Түркиялық «Грин Валей» компаниясы өткен жылы 1,5 миллион тонна зығыр саудалаған. Былтырғы жылы Қазақстанда өндірілген зығырдың жалпы көлемі 300 мың тоннаға әзер жетеді. Биыл бұл көрсеткіш одан да төмен көрінеді.  

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіздерге қажетті жер аумағын қай жерде бөліп беру керек. Бұл біз үшін өте маңызды. Дайын қоймалар қандай болуы шарт. Бизнес өкілдерімен келіссөздер жасап, сатып алуға мүмкіндіктеріңіз бар ғой. Мемлекет жер телімін бөліп бере алады және оған қажетті инженерлік желілерін де тартуға әзір. Облыс орталығында жаңартуды қажет етіп отырған бос тұрған қоймалар жеткілікті.

Аршалы ауданында «Жасыл экономика» бағдарламасының аясында «Борей Энерджи» серіктестігі қуаттылығы 156 мегаватт болатын қос векторлы жел электр станциясының құрылысын бастамақшы.  Аймаққа тартылатын инвестицияның көлемі 80 миллиард теңгеден асып жығылады. 

НҰРБЕК ӘБДЕШЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ 

Бірінші кезеңде жер телімін таңдап, оны бөлу мәселесі қолға алынуда. Сондай-ақ техникалық қосылуға жағдай жасалу қажет. Облыс әкімімен кездесу барысында осы және өзге де мәселелер талқыланды. Ермек Боранбайұлы бастамаға көмек көрсетілетінін жеткізді.

Кездесуге қатысқан 15-ке жуық инвестор 20-дан астам инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік қолдаудың пәрменді шаралары туралы толық әрі жан-жақты ақпарат алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Инвестор сағаты» атты ашық кездесуді алдағы уақытта тұрақты түрде  өткізуді қолға алатынын атап өтті.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...