ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

19:47, 18 қазан 2019

«Макинск. Дамудың жаңа аумақтары» форумы аясында облыс басшылығы инвесторлармен кездесті. Екі жақ Макинск қаласының аумағындағы өндірістік инфрақұрылымның құрылысы мен қаптама өнім өндірісіне қатысты мәселелерді талқылады.

Форум аясында мемлекеттік сектор мен  бизнес  өкілдері Макинск құс фабрикасы мен аймақтың дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Алдағы уақытта Макинск қаласының аумағында Қазақстанның солтүстік өңірін дамытуға ықпал ететін кәсіпорындар шоғырланады деп күтіледі. Құс фабрикасы ағымдағы жылды 50 мың тонна көрсеткішпен қорытындылауды жоспарлап отыр.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

Құс фабрикасының іске қосылуымен Ақмола облысы құс еті өндірісінде бірқатар алға жылжыды. Қазірде еліміз бойынша екінші орында келеміз. Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында етті әрбір үшінші келісі Ақмола облысының аумағында өндіріледі. Жыл қорытындысы бойынша ет өндірісі жөнінен 15 миллиард теңгеге шығамыз деп отырмыз. Сондықтан, ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымын. 

Кәсіпорын өңірдің дамуына тың серпін берді. Инвесторлар бүгінде екінші, үшінші кезектегі жоспарды жүзеге асыруға дайын. «AITAS.KZ» компаниясының өкілдері  инфрақұрылымның жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын күтуде.

БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, «AITAS.KZ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ӨКІЛІ:

Компания бүгінде жоспардағы 2-3 кезекті іске асыруға дайын. Облыс үшін өндіріс көлемінің артуы маңызды екені белгілі. Себебі, бұл экологиялық және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Алайда, облыстың инфрақұрылым мәселесін қалай шешетіні де маңызды. Фабрика инфрақұрылымсыз-ақ жоспардағы бірінші кезекті іске қосты. Сондықтан, компания инфрақұрылымның жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатыны бойынша ашықтықты қажет етеді. 

Форумда Макинск қаласында гофро-ыдыс өндіретін кәсіпорынның құрылысы сөз болды. Жоба құны 40 миллиард теңге. Бүгінде түрік инвесторлары осыған байланысты меморандумға қол қоюға дайын.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

«Макинск. Дамудың жаңа аумақтары» форумының жұмысына қатысты кеңейтілген материалды 21.30-дағы қорытынды жаңалықтардан көре аласыздар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар