ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУДА

20:21, 12 мамыр 2020

ДИКТОР: Есіл қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бірқатар инфрақұрылымдық  жоба жүзеге асуда.  Қазіргі уақытта Есіл қаласы көшелерінің  жолдары қалыпқа келтіріліп, мектеп құрылысы қолға алынбақ. 

 

РКС: Қала көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін алдымен арнайы конкурс тағайындалған.  Жөндеу жұмыстары кезінде 9 адам  еңбекпен қамтылмақ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  көше жолдарын қалыпқа келтіру үшін  республикалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінген.

 

СНХ: АСҚАРБЕК ШАЯХМЕТОВ, «МИРАШ-Н» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ рус// Тендер ұтып алдық. Қазір Әуезов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мамыр, маусым айларында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

 

РКС: Бұдан бөлек, қаладағы  №2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіледі. Мұнда 400-дей оқушы білім алады.  Айта кетейік, ақпан айында облыс әкімі өзі келіп, білім ордасының жағдайымен танысқан болатын.

 

ТАЙМ-ТИТР: 04.02.20

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ// РУС  

 

ЕСТ.ШУМ (мектеп директоры) с 1973 года ремонта не было...

ЕСТ.ШУМ (облыс әкімі) Давайте, начнем ремонт...

 

РКС:  Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарына дайындық басталып кетті. Мердігер – алматылық серіктестік. Мектептің жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан 335 млн.теңгеден артық қаржы бөлінген.

 

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЖАННА ТЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...