ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

18:12, 10 қаңтар 2019

РКС: Жиында үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне байланысты өзекті мәселелер қозғалып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жолдары талқыланды. Кездесуде облыстық басқарманың бөлім басшылары есеп берді.

СНХ: МӘЛІК АХМЕТҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ ///  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мыңнан астам әдістемелік құралдар басылып шығарылды. 2018 жылда жоспарланған барлық іс-шаралар уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясындағы жұмыс осы қарқынмен жалғасатын болады.

РКС: Жиын барысында аудандық бөлімдердің үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Облыстық басқарма басшысы Гүлжанар Шөкееваның алғыс хатымен марапатталғандар қатарында Жақсы ауданының әкімдігі де бар. Өңірде алғашқылардың бірі болып «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Аудан ел мен жердің қамы үшін опат болған Баубек батырға арналған конференцияны да табысты ұйымдастыра білген.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///  Ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар атқарылды. Жыл бойы маңызды әрі тұрғындарға пайдалы шаралар жиі атқарылды. Олардың қатарында ауданымыздың Баубек батыр кесенесін қалпына келтіруін айтуға болады.

РКС: Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова ішкі саясат басқармасының өткен жылда атқарған қызметін оң бағалады. 2019 жыл – жастар жылы. Сол себепті ағымдағы жылда да басқарманың қызметі қарқынын бәсеңдетпейді, - дейді мамандар.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, САМАЛ ЖУСУПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар