ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ

17:21, 13 қаңтар 2021

ДИКТОР: Красный Яр ауылында мектеп оқушысын ит қауып алды. Айта кету керек, биылғы жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай тіркелді. Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы кәмелет жасқа дейінгі балаларды қаңғырған иттердің талауы туралы 599 факті анықталған.

РКС: Бұл оқиғадан кейін жауапты органдар мен Красный Яр ауылдық округінің әкімдігі қаңғыбас иттерге қарсы күрес шараларын күшейтті.

СНХ: ЖАНАТ ӘУБӘКІРОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ ///аударма/// Красный яр ауылы тұрғындарынан хабарлама келіп түсті. Мектептен келе жатқан інісін қарсы алуға шыққан оқушы қызға көшедегі қаңғырған иттер бас салған. Иттерін бос жібермей, байлап ұстау керектігі жайында   тұрғындарға жыл сайын ескертіледі.

РКС: Өткен жылы облыстық балалар ауруханасында ит тістеп алған 156 балаға медициналық көмек көрсетілген. Олардың басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар. Красный Яр ауылындағы оқушы қызды иттің тістеп алуы – биылғы жылы тіркелген үшінші жағдай.

СНХ: СЕРГЕЙ ВУРЦ, ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕР ///аударма///  Біздегі қабылдау бөлмесінде антирабиялық вакцинация жасалды. Бұл белгісіз жануарлар тістеп алған кезде жасалатын алғашқы көмек. Баланың жағдайы ауыр емес. Жарасын тазартып, таңып бердік. Мұндай екпені құтыру ауруының алдын алу үшін жасау керек.

РКС: Қаңғырған иттердің көбі қаланың жеке секторларында байқалады. Атап айтқанда, Красный Яр, бұрынғы ет комбинатының ауданы, «Жайлау» және Застанционный шағын аудандары. Екі күн бұрын мұнда тағы да иттің талау оқиғасы тіркелді.

СНХ: РИНАТ СМАҒҰЛОВ, ЗАРДАП ШЕГУШІ ///аударма/// 11 қаңтар күні, шамамен кешкі сегіз жарым кезінде үйіме бара жатқан едім. Маяковского 48 көшесінде тұрамын. Екі алабай ит бас салды. Мен шамам келгенше, тойтарыс беруге тырыстым. Мұндай жағдай бірнеше рет болды, бұған дейін 4 рет ескерткенмін. Иттерді байлап ұстау керек дедім. Олар иттерін ұстай алмайды. Көшедегі иттер тұрғындар үшін өте қауіпті. Балаларды қауып алуы мүмкін.

СНХ: АЛТЫНБЕК БҮКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ ///аударма/// 11 қаңтарда оқиға орнына бардық. Иттердің иесін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарттық.

РКС: Ит тістеп алған адамға міндетті түрде вакцинация жасалу керек. Құтыру ауруы жұққан жағдайда соңы орны толмас өкініштерге әкелуі мүмкін,- дейді мамандар.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...