ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ІЗГІЛІКТІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН ЖАНДАР...

15:57, 8 қаңтар 2020

 


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілерге арнау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл елімізде жаны жайсаң жандарды өзара біріктіріп, еріктілер талпынысын арттыруда. Оған өңірдегі ауқымды әрі белсенді «Доброе сердце Кокшетау» еріктілер тобы мысал бола алады.

 «Доброе сердце Кокшетау» еріктілер тобының құрылғанына 4 жыл болған. Жетекшісі Ирина Катухова бүгінгі таңда жанына жомарт, мейірімді жандарды жинап, өмір сынағына түскендерге қол ұшын созып келеді.  Жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ жандардан құралған еріктілер тобында қазіргі таңда 300-ге жуық адам бар.  

ИРИНА КАТУХОВА, «ДОБРОЕ СЕРДЦЕ КОКШЕТАУ» ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Біз киім-кешек, азық-түлік үйлестіріп көмектесеміз. Көп ретте жағдайы жоқ отбасылар  балаларының ем-домына қажетті қаражатты жинап беруді сұрап келеді. Бұл қоймада киімдер жинап, мұқтаж жандарға таратамыз. Сонымен қатар Lider.kz деген тобымыз да бар. Бұл арқылы жоғалған адамдарды іздестіріп, жақындарын бір-бірімен қауыштырамыз.

Ирина Владимировнаның қайырымдылықпен айналысуына өз өмірінде орын алған қиыншылықтармен қатар, бала кезіндегі жоқшылық түрткі болған. Күнделікті мұқтаж жандарға көмектесумен бірге Ирина бастаған топ жыл сайын Жаңажылдық мереке қарсаңында сыйлықтар таратып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайды. Бұл жолы да «Доброе сердце Кокшетау» еріктілер тобы үй-үйді аралап, балаларға базарлық үлестірді.

ГҮЛМИРА КУЗБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Доброе сердце Кокшетау» еріктілер ұйымына көр рахмет айтамын. Әркез бізге көмектесіп тұрады. Жыл сайын Жаңа жылда сыйлықтарымен келеді. Осындай абзал жандарға жылды арнап жатқан ел Президентіне алғысым шексіз. Ұжымдары кеңейіп, дами берсін. Тек жақсылық тілеймін.

Бұл еріктілер тобы ресми түрде тіркелмеген. Бірақ биыл қоғамдық қор ретінде құрылмақ. Әзірге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз, - дейді Ирина Катухова. Ішкі Істер Министрлігімен келісім-шартқа тұрып, қазіргі таңда әскери қызметкерлермен бірлесіп, із-түзсіз жоғалған жандарды іздестіру жұмыстарын қолға алған.  

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...