ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚАЙТА КУӘЛАНДЫРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

13:28, 18 мамыр 2020

 

Диктор кадрда: Мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулық жағдайын анықтайтын құжатты қайта куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Олардың аталған құжатты ауыстыруға қосымша үш ай уақыты бар. Бұл жеңілдік елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жасалып отыр.

РКС: Қайта куәландыру құжатын рәсімдеу мерзімін 3 айға дейін ұзарту мүмкіндігі шектеулі барлық азаматтарға қатысты емес. Яғни, өз мәртебесін бір ай бұрын немесе елімізде төтенше жағдай орын алған уақытта нақтылауы қажет жандар үшін жасалынған жеңілдік.

СНХ: НҰРЛАН ШЕРИЯЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /Бұл мүгедектік тобына, жалпы мүгедектіктің деңгейін анықтау қорытындысына, еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына, оңалту бағдарламасының шарттарына байланысты. Сонымен қатар қазіргі таңда елімізде төтенше жағдай режимі алынды, дегенмен құжатты қайта рәсімдеу мерзімін  ұзарту өз күшінде қалды. /

РКС: Салман Тумгоев бірінші топтағы мүгедек. Қол-аяқтарының буындары қабынған. Дерті жыл сайын дендеп келеді, бірақ мүгедектігін анықтайтын құжатты мерзімсіз  формаға рәсімдемеген. Ем-дом алудан бөлек, оған жаңа мүгедек арбасы да қажет. Оны алу үшін Салман Тумгоев мүгедектігін растауы керек.

СНХ: САЛМАН ТУМГОЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/// Төтенше жағдай басталмас бұрын құжат рәсімдей бастаған едік, бірақ  ауруханаға жату керек деді. Яғни, дәрігердің қорытындысы керек болды.  Сырқатым үдеп, менің бәрібір ауруханаға жатуым қажет.       

РКС:  Төтенше жағдай режимі аяқталған соң медициналық-әлеуметтік зерттеулерді мүмкіндігі шектеулі жандардың өздері  келіп, растайтын болады. Бірақ науқас ең алдымен өзінің емдеуші дәрігеріне барып, қаралуы тиіс. Бұл Салман Тумгоев сынды коронавирус пандемиясы кедергі келтірген барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты.  

М.АЙБАБИНА,  ӘНЕЛ БЕЙСЕНБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...