ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚАЛА БИЛІГІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

15:38, 20 қаңтар 2020

Көкшетау қалалық әкімшілігіне қарасты бөлім басшылары шаһар тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы мұндай кездесу Сәкен Жүнісов атындағы нөмірі 18 мектепте өтті. Тұрғындар түрлі сала басшыларына саналуан сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.     

Меруерт Сансызбайқызы көп балалы ана. Кездесуге баспана мәселесін айта келген. Үй кезегінде тұрғаныма бірнеше жылдың жүзі болды,- дейді ол.    

МЕРУЕРТ САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА

Үй кезегінде тұрмыз 223 болып. Бірақ жылжымайды. Көп үйлер салынды ғой. Сол мәселемен келгем. Жаңа келіп сұрадым айтты дүйсенбі келіңіз көрейік деп.

Қаланың барлық сала басшылары қатысқан кездесуге келгендер негізінен жол, жарықтандыру, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың жөндеуі, баспана мәселеріне қатысты сұрақтарын қойды.    

БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халықтың мұндай кездесулерде айтқан барлық мәселелері жинақталады. Кейін біз оның шешілу жолдарын қарастырып, әрі қарай жұмыс істейміз. Бұған дейін нөмірі 21 мектепте өткен кездесуге халық өте көп келген болатын. Онда да көптеген мәселер көтерілген.

Шағын мөлтек аудандарда мұндай кездесулер ұйымдастыру өткен жылдың желтоқсан айында басталып, бірнеше оқу орындарында жалғасын тапқан.

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...