ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

19:14, 26 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Көкшетауда коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында барлық сақтық шаралары жасалуда. Көпшілік  жүретін  орындар  дезинфекцияланды. Айта кетейік, қазір елімізде айтулы індетті жұқтырғандар саны 109-ға жетті.  Сондықтан,  тұрғындар тәртіпке бағынып, үйде болғандары жөн.

 

РКС: Қала әкімдігі жанындағы  «Көкше-ветсервис» коммуналдық мекемесі дезинфекциялау шараларын наурыздың 17-сінен бастаған. Олар бүгінге дейін облыс орталығындағы 253  аялдаманы залалсыздандырды. 

 

СНХ: ЕРКІН ЕСІЛБАЕВ, «КӨКШЕ-ВЕТСЕРВИС» КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ/// 00:42// ҚАЗ// Көкшетау қаласының қырықтан астам аялдамасын бір күнде дезинфекциялаймыз.+Күніне бір рет дезинфекция жасаймыз. Қазіргі уақытта біздің жігіттер Красный Яр мен Нұрлы Көш аумағына аттанды. Бұл үшін қала әкімдігінен дезинфекциялауға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілдік. Техникамыз сай.

 

РКС: Қалада көпқабатты 890 тұрғын үй кешені бар. Көкшетаудағы жеке пәтер иелері кооперативтері де подъездерді залалсыздандыруда. Ал қала ішіндегі тас жолдарды дезинфекциялау шаралары тиісті құрал-жабдықтар сатып алынған соң жүргізіледі.  Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдай кезінде сақтық шараларын орындамай, тәртіпке бағынбағандар  жазаланады.

 

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ДАРХАН  САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...