ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ҚАЛАДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕТІ ҚОЛДАУ

18:54, 9 тамыз 2019

ДК: Өңірлік коммуниукациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарған арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының облыс қалаларында жүзеге асрылу барысы талданды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» қоры мен екінші деңгейді банк өкілдері тілшілер сауалына жауап беріп, қаржы көзінің мақсатты жұмсалуына тоқталды.

РКС: «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарған арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті дамытуға қомақты қаржы бөлініп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыруда бірнеше облыстық басқарма, кәсіпкерлік палатасы, қаржы ұйымдары оператор қызметін атқарады.  Облыс қалаларындағы кәсіпкерліктің өрістеуіне 2019 жылы 974 млн. теңге бөлініпті.  

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Бұл бағдарлама ел дамуының стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2050» және республика дамуының 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сай жасақталғаны баршаңызға белгілі. Бағдарламаның мақсаты азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке жұмылдыру. Бұл ішкі жалпы өнім көлеміндегі шағын және орта бизнес үлесінің артуына ықпал етеді. Мақсатымыз бұл көрсеткішті 2050 жылға дейін 50 пайызға жеткізу.

РКС: Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге 6 жарым мың айлық есептік көрсеткіш аек Бұл шамамен, 16 млн. теңге. Несие айналымдағы капиталды толықтыру мақсатына 3 жылға, инвестиция мақсатына 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өңір тұрғындары жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында немесе «Даму» қорының онлайн жүйесінде білім алып, сертификат иеленеді. Дайын жобасын қорғаған кәсіпкер екінші деңгейлі банктерден несе алады.

СНХ: ИРИНА СУВОРОВА, ОБЛЫСТЫҚ «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  Жаңа басталған бизнеске қаржы көзін табу қашан да оңай емес. Бұл бағдарламаның аса бір ұтымды тұсы әрбір бесінші несиенің өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге берілуі. Бұл талап, «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктер арасындағы келісімшартта көрсетілген. Осылайша, 1 жыл мерзімге дейін жоспарланған шағын кәсіпкерлік жобалары ұтымды шарттар негізінде қолдау тауып отыр.

РКС: Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған қазына қаржысы небәрі 6 пайыздық үстемемен ұсынылады. «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерге кәсіпкердің бастамасына кепілдік береді. Ол айналымдағы бизнеске қажетті мүлік құнының 50 пайызына, стартаптарға 85 пайызына дейін жетуі мүмкін.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  РҮСТЕМ ЕРМЕКОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...