ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛГЕН

16:21, 8 қазан 2019

Триаж жүйесі, симуляциялық орталық, мобильді топ бұл қалалық емхана жұмысына енгізілген жаңашылдықтардың бір парасы ғана. Осы ретте қалалық емхананың дәрігерлері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Қатысушыларды медициналық мекеменің қызметімен, жаңашылдығымен және инновацияларымен таныстырды.  

Бүгінде емханаға 93 мың адам тіркелген, оның 21 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Қызметкерлер саны 775 адамды құрайды, оның 158-і дәрігер. Ақ халаттылардың кабинетінің алдындағы  ұзын-сонар кезек  басты мәселе. Халық ыңғайлы әрі жылдам қызмет алуы үшін  электронды кезек орнатылған, call-орталықта 4 оператор қызмет көрсетеді.

ҒАЛИЯ САБАТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Мәселен, жедел жәрдем қызметі жайында айтқымыз келіп отыр. Бұл бөлім былтырғы жылдан бастап қызмет көрсетуде. Денсаулық сақтау жүйесі жаңа серпін алып жатқанын қарапайым халық білуі тиіс.Бірқатар қажеттіліктер  туындауына сәйкес жаңа емдеу формалары енгізілуде.Яғни, алға жылжы бар.

Мемлекет басшысының Жолдауында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуы туралы айтылған. Тапсырманы орындау үшін алдағы үш жыл көлемінде 2,8 трлн теңге жұмсалатын болады.

ШАНХИ ГОЛУБЕВА,МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК  МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ  ФИЛИАЛЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіндік  ақпараттық жүйесі «Сақтандыру» деп аталады. Ол жерде  2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап халықтың сақтандырылмағанын не болмаса сақтандырылғанын анықтап көрсететін болады. 

Іс-шараға қатысушыларға симуляциялық орталықтың жұмысы көрсетілді. Бұл кабинетте қызметкерлерді медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдыларына үйретеді. Мәселен, тыныс алу қиындаған кезде көрсетілетін көмек түрі, базалық өкпе реанимациясы.

Тағы бір жаңашылдық 4-ші санаттағы, яғни аса ауыр халдегі онкологиялық науқастарға көмек көрсететін мобильді тобының кабинеті ашылды.  

ҒАЛИЯ САБАТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Халықпен жұмыс істеудің жаңа формасын енгізудеміз. Аурудың декомпенсацияланған түрімен ауыратын науқастарға қызмет көрсетудің мобильді бригадасы.

4-ші санат бойынша халыққа қызмет көрсететін жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесінде  3 тәулік бойы жұмыс істейтін фельдшерлік бекет құрылған.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС САДВАКАСОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...