ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

16:41, 14 шілде 2017

Жаңа саябақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрап отыр. Негізгі жоспарға сәйкес, бұл жерге қала тұрғындарына арналған спорттық кешен, тутұғыр мен шаңғымен жүріп өтетін жолдар салынуы тиіс.

Жаңа саябақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрап отыр. Негізгі жоспарға сәйкес, бұл жерге қала тұрғындарына арналған спорттық кешен, тутұғыр мен шаңғымен жүріп өтетін жолдар салынуы тиіс. Қазір жұмыстардың басым бөлігі орындалып болды. Енді  саябақтың негізгі алаңына кеспе тастар төселуде. Шаңғы жолдарын салу да басталды. Сондай-ақ, спорттық кешеннің құрылысы да аяқталуға жақын. Бүгіндері оған инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, су, жылу құбырлары мен жарық тартылуда.  

Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, саябақты көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұдан бөлек, көлік қоятын алаңдар мен тынығатын орындықтар орнатылып,  жарық жүргізілетін болады. Қазір бұл жерде мергідер ұйымның 50-ге тарта жұмысшысы еңбек етуде. Құрылыс жұмыстарына қажетті техникалар да тартылған. Ауа-райы қолайлы болса, уақытылы аяқтауға мүмкіндік бар, - дейді мамандар.

Қазіргі күні Көкшетау қаласында 170 мыңға жуық тұрғын бар. Оған қоса, шет елдерден туристер де жиі келеді. Сондықтан да, қаланың әсемдігі мен мәдени-демалыс орындарының көп болуы – бүгінгі күнгі маңызды мәселелердің бірі.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...