ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

ҚАЛЫҢ ҚАРДЫҢ ҚАРБАЛАСЫ

18:55, 24 қаңтар 2020

Көкшетауда бірнеше күн қатарынан жауған қалың қар көшелерде көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Қаланың коммуналдық қызметшілері болса, көшелер мен жолдарды тазалап үлгермей әлек. Шаһардағы қалың қармен күрес жайлы алдағы бейнематериалда.

Бүгінде Көкшетау қаласын қардан тазалау ісіне «Тазалық» пен «Көкшетау жол пайдалану учаскесі» сияқты екі кәсіпорынның қызметшілері білек сыбана кірісіп отыр. Соңғысы облыс орталығының үштен бір бөлігін қардан арнайы көліктермен де, қолмен де тазалауда. Бұл дегеніміз 59 шақырым аумақ. Тәртіп бойынша қаланы қардан тазалау жұмыстары таңғы сағат 4-те басталады, ал қалың қар жауған күндері жұмыс түнгі 3-тен бастап қыза түседі. Кәсіпорында бүгінде 92 адам жұмыс істейді. Оның 45-і жол тазалаушылар. Олар 4 бригаданың құрамына енген. Демалыс күндері кезекші бригада жолға шығады. Бірінші кезекте қаланың жоғары белдеуінде орналасқан Жайлау, облыстық аурухана мен тубдиспансер сияқты шағынаудандары қардан тазартылады.

ҒАЗИНҰР ШУМАТОВ, «КӨКШЕТАУ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУ УЧАСКЕСІ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қардан тазалау жұмыстары біздің жұмысшылардың күшімен жүзеге асырылуда. Бұл жерде 2 фронтальды тиегіш, 5 КАМАЗ, 6 Зил автомобилі және 2 автогрейдер жұмыс істеуде. Биыл қар көп түсті. Сондықтан, қардан тазалау жұмыстарын жиі жүргіземіз. Қызылсу мұзы әсіресе, тар көшелерде көп кездеседі. Сондықтан, автогрейдермен екі реттен өтеміз. Қаладан қар шығару жұмыстары бізде таңғы 4-5терден басталады. Меніңше, біз өз міндетімізді тиісінше орындап жатырмыз. Қар Щучинск трассасындағы қар жинау орнына шығарылады. Оған жету де оңай емес, ара қашықтық 16 шақырымды құрайды. Қар қалың түскендіктен, тағы бір мәселе туындап отыр. бұл қар төгетін полигонның ақ ұлпаға лық толуы. Сондықтан,  бұл мәселені де  шешіп жатырмыз.

Кәсіпорын қызметшілерінің айтуынша, күз басталғалы қаладан шамамен 30 мың текше метр қар шығарылды, ал жаңа жылдан бастап 17 мың текшеметр  қар тазаланды. Қардан бөлек, көктайғақтың алдын алу жұмыстарын да қолға алып отыр. Яғни, облыс орталығының көшелеріне арнайы құм-тұз қоспасы төселеді. Қазірдің өзінде инертті материалдың 1700 текше метрі  пайдаланған.

ЛЕОНИД МЕДЛЯРСКИЙ, ЖОЛ-ПАЙДАЛАНУ УЧАСКЕСІНІҢ БРИГАДИРІ:

Даңқ аллеясы маңайын біз қолмен тазартып жатырмыз. Жиналған қар трактор мен 2 тиегіш көлікпен сыртқа шығарылуда. Бригадамызда 10 адам бар. Қиын болсын, болмасын өз міндетімізді тиісінше атқарып жатырмыз. Көшелерді барынша қардан тазалауға тырысып жатырмыз.

Синоптиктердің мәліметінше, қаңтардың соңына дейін Көкшетауда қатты аяздар болмайды. Ауа температурасы 5-10 градус болады деп шамалануда. Ақмола облысы бойынша өтетін атмосфералық ауа қалың қар мен боранға әкеп соқтырады. Десе де, «Көкшетау жол пайдалану учаскесі» кәсіпорнының қызметшілері ауа райының құбылмалылығынан еш қорықпайды. Кез-келген көлемдегі қарды тазалауға сақадай сай дайын екендерін айтады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ОКСАНА МАТАСОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
19:37, 22 қыркүйек 2020
ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар