ШҰҒЫЛ! КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА Толығырақ

ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ОҚЫП ЖАТЫР

19:47, 15 қыркүйек 2020

ДИКТОР:  Сандықтау ауданындағы Каменка агротехникалық колледжі 60 жылдан астам ауыл шаруашылығының  мамандарын оқытып келеді. Осы мерзімде оның материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Жаңа оқу жылын ауылшаруашылығының болашақ кадрлары қалыпты жағдайда бастады.

СТЭНД-АП ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР: Колледжге кіре берісте біздің де дене қызуымызды тексерді.

РКС: Әр аудиторияда санаулы ғана студент білім алуда. Олардың әрқайсысы мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен ережені бұлжытпай орындау үстінде. Оқытушы да бетперде киіп, шәкіртке тым жақындамай дәріс беріп жатыр.

СНХ: КОНСТАНТИН КУДИН, КАМЕНКА АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:///Біз қалыпты жағдайда рұқсат алған санаулы колледждердің біріміз. Сондықтан жауапкершілікті мықтап сезінеміз. Оқу аудиториялары санитарлық талапқа сай жарақтанды. Оқытушыларға жаз айларында қысқа мерзімдік курс өткіздік. Студенттерді келісімен санитарлық талапты бұлжытпай орындауға бейімдедік. Қиындық жоқ. Қалыпты жағдай оқытушылар мен студенттерді қанаттандырып жіберді.

РКС: Жаңа оқу жылында 200-ге жуық жас үш мамандық бойынша білім алады. Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде қысқа мерзімді курсқа  келушілер саны артты.

СНХ: ИННА СИТНИКОВА, СТУДЕНТ: (орысша):///Мен осы ауданның Богдановка ауылында тұрамын. Болашақ аспазбын. Бұл кәсіпке жүрек қалауыммен келдім. Каникулда ауылымдағы серіктестікте көмекші аспаз болып жұмыс істедім. Яғни, тәжірибеден өттім. Оқытушының алдында білім алу сапаға жетелейді. Және достарыммен қарым-қатынаста боласың. Әрине, санитарлық талаптарды сақтауымыз қажет.

РКС: Колледждің зертханасы мен егістік алқабында да студенттер қалыпты жағдайда дәріс тыңдап, тәжірибеден өтуде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАҺАНГЕР МҰХАМБЕТОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
18:25, 22 қазан 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА
18:25, 22 қазан 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...