ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ҚАН ТАПСЫР ДА - ӨМІР СЫЙЛА!

18:51, 11 ақпан 2019

РКС: Қайырымдылық шара донорлықтың маңыздылығын насихаттау мен халықты игі  іс жасауға шақыруды көздейді. Жалпы жыл басталғаннан бері  қан тапсыру орталығында 1 мыңға жуық адам донор атанған.  Соңғы айда ауа райының қолайсыздығына байланысты қан тапсырушылар саны азайған. Сол себепті барлық дерлік қан топтары  сұранысқа ие.  

СНХ: НҰРСҰЛТАН ЫБЫРАЕВ, «АЗАМАТТАРҒА  АРНАЛҒАН  ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ///Қайырымдылық шарасын өткізуді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарда бар. Біздің мемекеменің қызметкерлері қан тапсыру ісін насихаттап, басқа да азаматтарды игі іс жасауға шақырады. Қазіргі кезде қан тапсыру орталыгында барлық қан топтары жетіспеуде.  Қан күн сайын обыр ауруымен ауратын ересектер мен балалардың одан бөлек  басқа да науқастарға қажет болып жатады.   

РКС: Жасы 18-ден асқан, медициналық тұрғыдан әлдебір сырқаттың белгілері жоқ, дені сау, кез-келген Қазақстан азаматы донор бола алады. Айта кетерлігі, ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан тапсыру орталығында ұйымдастырылған қайырымдылық  іс-шара біреулер  үшін үйреншікті әдетке айналса, енді бірі алғаш рет атсалысып отыр.   

СНХ: ӘЛИЯ БЕЙСЕНБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//// Мен бүгін алғаш рет донор атанып отырмын. Біреудің өмірін құтқаруға өз үлесімді қостым деген ойдамын. Менің қан тобым біреуге өмір сыйласа мен қуаныштымын.     

РКС: Әуелі донор болатын адамның қан тобы, гемоглобин мөлшері, антигені жедел зерттеулер арқылы анықталады. Талапқа сай болса, қант қосылған шай беріледі. Кейін әр адамның денсаулық көрсеткіштеріне қарай 350-450 миллилитр шамасында қан алынады.

СТЭНДАП: РЕДАКТОР БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ //

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...