ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ҚАН ТАПСЫРУ - ИГІ ІС!

15:22, 17 қаңтар 2020

Донор болу өз қаныңды беру арқылы біреудің өмірін құтқару. Әйтсе де, өңірдегі қан орталығында бүгінде қан жетіспеушілігі мәселесі бар. Мәселенің алдын-алу үшін сала мамандары жоспарлы жұмыс жүргізуде.     

Соңғы үш жылда елімізде қан тапсыру көлемінің төмендеу үрдісі байқалады. Ақмола облысында жыл сайын қан тапсырушылардың  саны 2,7 пайызға азайып отыр. Жыл басынан бері облыстық қан орталығында 347 донор қан тапсырған. 180 литрге жуық қан дайындалды. Қан тапсыру орталығы донорларды игі шараға шақыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізуде. Мәселен, сенбі күні қан тапсыру акциясы.

ЕРМЕК МҰХАМЕДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

25 қаңтар сенбі күні сағат таңғы сезізден бастап  13,00 дейін қан қабылдайтын боламыз.   Қала тұрғындары үшін арнайы сенбі күні  жұмысқа шығамыз. Өйткені, көптеген мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жұмыс күндері келе алмайды. Сондықтан,  біз 25 қаңтарда  тәжірибе жүзінде жұмыс жасаймыз, содан кейін 8 ақпанда екінші жұмыс сенбісін жасауды жоспарлап отырмыз. Егер донорлар саны жеткілікті болып, 25-тен 50-ге дейін адам жиналса, біз бұл акцияны  тұрақты негізде жасайтын боламыз. Яғни, бұл қажеттілікке байланысты айына 2-3 рет болады.

Қанның  қай түрі болмасын  сұранысқа ие екені рас. Алайда, кей жағдайда азаматтарға қан қажет емес екені түсіндіріліп, қайтарып жатады.

ЕРМЕК МҰХАМЕДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Иә, шынымен қайтарылып жатады. Бізде «донорский светофор» деген ұғым бар. Қан күн сайын сағат таңғы тоғызда жаңартылып отырады.  Атбасар, Степногорск және облыстық қан орталығының филиалдарында қан компоненттерінің қалдықтары бар. 1-ші және 3-ші топтағы қан, мөлшерінен көп жиналып қалған кезде сақталу мерзіміне қарай  жойылып жай қалмауының алдын аламыз. Өйткені, біз алдын-ала айына, күніне қанша қан керек екенін біліп отырамыз. Сондықтан, қала тұрғындарынан  түсіністік танытуын сұраймыз.  

Қан тапсыру үшін  18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен азамат болсаңыз жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы шарт. Дәл сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл дәрігерлердің  пайымы.  

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, НУРСУЛТАН ИБРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...