ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАНАЙ БИГЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

19:59, 15 наурыз 2019

РКС: Атығай Қарауылдың бас биі Қанай биі Абылай хан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен көп жыл Орта жүзде төбе би болғаны тарихтан белгілі. Абылайды хан сайлағанда, Қанайды ақ киізге орап, қараша би ретінде қатар көтерген. Көшенің атын өзгертуге арналған шараға атбасарлықтардан бөлек, сот жүйесінің ардагерлері мен Қанай бидің ұрпақтары алыстан ат арытып арнайы келді. Салтанатты түрде көше бойында лента қию рәсімі өткізіліп, ұлттық дәстүрге сай шашу шашылды. Жиналған жұртшылық алдында әуелеген ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды.

СНХ: ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ////// Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы мәселелерді іске асыру міндетімен бүгінде біз Атбасар қаласында қазақтың дана да дара билерінің бірі Қанай би бабамызға көше ашу рәсіміне келіп отырмыз. қазақ халқы ежелден асылдарын ардақтап, ұлылыларын ұлықтай білген халық. ///

РКС: Қанай би Құттымбетұлы Абылайдың көмегімен Ташкенттің бегі болып тұрған кезінде дүние салған. Сүйегі Түркістанға, Абылай ханның жанына жерленген. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» еңбегінде Қанай Құттымбетұлы жоңғарлармен болған шайқастарда ержүрек батыр, ірі қолбасшылардың бірі болғаны ретінде баяндалады. 

СНХ: НЕСІБЕЛІ ИТЖАНОВА, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ/// Тамаша күн. Көптен күткен күн. Атбасардың оңды көшесін Қанай би көшесі деп атағанымыз. Бұл атбасарлықтардың қазақстандықтардың біздің еліміздің арнамы. ///

РКС: Таулар алыстаған сайын биіктейді. Өмірден өткеніне үш ғасыр уақыт өтсе де елдің бірлігі мен елдігін сақтаудағы Қанай бидің ерен еңбегі халқының жадында сақтаулы. Ақмола облыстық судьялар қауымдастығының бастамасымен  2017-ші жылы 53 көшені Ақмола өңірінен шыққан билердің атымен атау мәселесі туралы ұсыныс жасалған. Бүгінгі күні 15 көше және 1 елдімекенге билердің атына берілген. Сот төрағасы Досжан Әміровтің айтуынша бұл үлкен көштің басы ғана.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...